Инспекция қызметі – халық игілігіне
Жайық-Каспий облысаралық бассейіндік балық шаруашылығы инспекциясы өткен жылы «Е-лицензия» порталы және АРМ ИИС ЦОНГО жүйесі арқылы заңды және жеке тұлғаларға төмендегі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі №18-03/390 жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы бұйрығы қолданысқа енгізілгелі инспекция тарапынан заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Қазір Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы заңды және жеке тұлғаларға «Е-лицензия» порталы және ИИС ЦОНГО жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне есептік кезеңде енгізілген, оның ішінде қызметтердің түрлері Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы №255 бұйрығымен «Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру» — 925 дана, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 12 тамызы №188 бұйрығымен «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» — 381, «Су тарту құрылыстарында балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу» — 9, «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» — 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Сонымен қатар, инспекция тарапынан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 6 қазандағы №397 бұйрығымен «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты көрсетілуі лауазымымызда бар, бірақ бүгінгі күнге дейін өтінімдер түскен жоқ.
Жалпы 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны — 1317 дана. Есепті мерзімде заңды және жеке тұлғалардан көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қатысты бірде-бір шағым түскен жоқ. Азаматтар арнайы ешқандай қиындықсыз құжаттарын уақытылы алып, қызметтің қолжетімділігіне көз жеткізуде.
Бақытжамал ИМАНҒАЗИЕВА,
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы
Сурет: ortcom.kz