ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда тұрғын үй кезегі тоқтатыла ма?

Atr.kz/13 қараша, 2019 жыл. Тұрғын үй кезегіне тіркелу уақытша тоқтатылады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметіне орай, бұл республикада тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесін құру бойынша техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты екен.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет бойынша өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 3-13 желтоқсанына дейін тоқтатылады.

Дереккөз: Атырау қаласының әкімдігі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button