Жарнама
Жаңалықтар

Индердегі тұзды көлге баспалдақ орнатылуда

Атырау облысындағы Индер тұзды көліне шетелден, еліміздің басқа өңірлерінен келетін қонақтар мен аудан тұрғындары көптеп барады. Алайда бұл орында арнайы баспалдақтың болмауы келушілерге қолайсыздық тудырып, төменге түсіп, көтерілуде қиындық орын алып келген болатын. Аталған мәселені реттеу үшін аудан әкімдігі “InderTuzCompany” ЖШС-не ұсыныс білдіріп, мәселе шешімін табуда.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, аталған серіктестік басшылығы ұсынысты қабыл алып, күні бүгінде демеушілікпен көлге дейін төмен түсу үшін баспалдақ пен жанына қолмен ұстауға арналған темір қоршаулар орнатып жатыр.

Сонымен қатар, тұзды көлдің басына жаңа әжетхана салынып, көлеңкелі шатырлар жөнделуде.

Айта кету керек, Индер тұзды көлі Атырау қаласынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда Д.Менделеев кестесінің 16 түрлі қазба байлығы бар. Үлкен аумақты алып жатқан тұзды көлдің айналасында бұлақ көздері де бар. Туристер аталған орынға демалуға және балшықтың емдік қасиетімен емделуге келеді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button