Жарнама
Жаңалықтар

Индерде төрт канал жөнделуде

Облыста егін шаруашылығы мен төрт түлікті сумен қамтуға мүмкіндік беретін арналар жөнделіп жатыр. Соның төртеуі Индер ауданының аумағында орналасқан, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Индербор кенті және Бөдене ауылдық окуругіне қарасты «Алғабас-Жорық» каналы 1968 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Арнадағы 15 шаруа 119 гектар жерге егін салып, жеміс ағаштарын өсіруге пайдалануда. Ұзындығы 64,7 шақырымды құрайтын суару-суландыру жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Көктоғай ауылдық окуругінің аумағындағы «Ақсай» каналының бойында 7 кәсіпкер 164 гектарға егін егіп отыр. 80 шақырым болатын каналды жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған еді. Қос арнаны жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

–Аталған округтердегі төрт-түліктің бәрі осы каналдардан су ішеді. Себебі құмдағы құдықтардың суы тартылып, ашып кеткен. Тағы 2 каналды қазып, судың өту қабілетін арттыруға тырысып жатырмыз. Олар: ұзындығы 102,3 шақырым «Бағырлай» және 51,7 шақырымға созылып жатқан «Құрайлы Сай». Бұл екі каналды жөндеу жұмысы толықтай келер жылы аяқталады деп жоспарланды, — деді Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Мәмбетқали Құсайынов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button