Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Индерде колледж студенттері күзгі терімге кірісті

Индер ауданының шаруалары күзгі терім науқанына қызу кірісіп кетті. Биыл ауданда 1288 гектар жерге егін егілген. Оның 470 гектары – картоп болса,  450 гектары – көкөніс те, қалғаны бақша дақылдары, жеміс-жидектер мен екпе шөп.

a5507b9664400320291b20436d7dcf4f

Шаруа қожалықтарының жетекшілері күздің қара суығына қалып қоймас үшін егін жинау жұмыстарын жеделдете түскен. Биыл ауданда 43 шаруа қожалығы егін егіпті. Солардың бірі – «Айсұлтан» серіктестігі. Тоғыз гектар егін алқабындағы өнімді аудандағы көпбейінді ауылшаруашылық коледжінің студенттері жинап алды. Оқу орнының аға шебері Жұмаберген Бозекенов болашақ агрономдардың көктемгі егіс пен күзгі терім жұмыстарына жыл сайын атсалысып келетінін айтады.

Сол сияқты, «Слава» шаруа қожалығы 80 гектар жерге егін ексе, соның 30 гектарына Қырғызстанның астанасынан әкелінген «манас» пиязы егіліпті. Пияздың бұл тұқымы Бішкектен арнайы алынған.

Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев  биылғы жоспардың толықтай орындалғанын жеткізді. «Жаз бойы ауданда жергілікті өнім өндірушілерді қолдау және азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында жәрмеңке өткізіліп отырады» дейді ол.

Мөлдір БАЛТАБЕКҚЫЗЫ.

Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button