Жарнама
Жаңалықтар

Индерде із-түзсіз жоғалып кеткен малшы табылмай жатыр

Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

15 ақпан күні 53 жастағы Индер ауданының тұрғыны түйемен мал бағуға шығып, осы уақытқа дейін кері оралмаған.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да жедел іздестіру-құтқару жұмыстарына шықты.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button