Жарнама
Жаңалықтар

Индерде интернеті жоқ ауыл бар

Atr.kz/17 қаңтар, 2020 жыл. Индер ауданының орталығынан 33 шақырым қашықтықта орналасқан шағын Кетебай елді мекені кеңес заманында Жамбыл атындағы кеңшардың қой фермасының орталығы болған еді.

Тоқсаныншы жылдары тұрғындардың көпшілігі Жайық бойына қоныс аударды. Қазір мұнда тек төрт түлік малдан нәпақасын айырып отырған  елу шақты тұрғыны бар 11 отбасы қалды.

Елді мекен тұрғындарымен кездесуге келген аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов пен округ әкімі Әлифолла Балахметов Президент Жолдауына орай жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады, көпшіліктің орынды ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Кетебайға былтыр жаңадан су тазарту қондырғысы салынған болатын. Бүгінде әр үйге таза ауыз су келіп тұр. Дегенмен, әлі де кейбір азын — шоғын ақауларын реттеп, қондырғы нысанын сенімгерлік басқаруға беру қажет.

Былтыр басталған облыстық  дәрежедегі Қарабау-Индер автокөлік жолының құрылысы биыл да жалғасын табады. Осы күре жолдың бойындағы шағын ауыл тұрғындары Қуаныш Естай, Құттыбай Нұғыманов, Байғабыл Берзентов мүмкіндігінше күре жолға дейінгі кірме жолды асфальттауға немесе қиыршық тас төсеп тегістеуге  ықпал  етуді  сұрады.

 Тұрғын Самат Бозшиев ауыл аймағында бұралқы иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаулы. Сонымен қатар, «көгілдір отын» мен интернеттің қажеттілігі де атқарушы билік өкілдеріне құлаққағыс етілді.

Саламат САНСЫЗБАЙҰЛЫ,

Индер ауданы

http://atr.kz/qogam/internet-karta-destruktivti-auditoriya%D2%93a-t%D3%A9tep-beredi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button