Жарнама
Жаңалықтар

Индерде дауыс беру басталды

Ауылшаруашылық колледжіне №113 сайлау учаскесі орналасқан.

Бұл учаскеге осы көшедегі Махамбет және көршілес Қазақстан, Тайсойған көшелері мен кенттің жаңа қалыптасып жатқан «Болашақ» мөлтек ауданының тұрғындары қамтылған. Осы мөлтек ауданның Малайсари би көшесінің тұрғыны ретінде учаскемнен дауыс беруге әрі редакция тапсырмасына сай журналистік міндетімді атқаруға келген едім.

Сайлау учаскесінде жасырын дауыс беретін 3 орын жабдықталған. Оның біреу мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. 2 дана әйнек жәшіктердің кішкентайы денсаулығына байланысты үйден дауыс беретіндерге лайықталған. Бәрі де учаскелік комиссияның қадағалауымен көзімізше дауыс берместен бұрын мөрленді. Жалпы учаскедегі дауыс берушілерге тиісті жағдайдың бәрі жасалып қойыпты.

Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7.00-де салтанатты түрде еліміздің Мемлекеттік Гимнімен басталды. Салтанатты жиынды учаскенің төрағасы Бағытжан Құнас ашық деп жариялады.

Учаскелік комиссиясының төрағасы айтуынша, сайлау учаскесінде 1814 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде денсаулығына байланысты 8 сайлаушы үйден дауыс бермек. Ал 8 жас алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасамақ.

С. САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button