Жаңалықтар

Индерде апатты үйлердің орнына футбол алаңы салынуда

Индербор кентіндегі “Барлаушы” шағынауданында жаңа шағын футбол алаңы салынып жатыр. Бұл нысан апатты деп танылған ескі үйлердің орынына бой көтеруде. Жобаның құрылысы “InderTuzCompani” ЖШС-нің демеушілігімен жүзеге асырылуда және оны биыл аяқталуы жоспарланған. Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұрат хабарлады.

Алаң тұрғындар мен жас спортшылар үшін бос уақыттарын тиімді өткізуге және салауатты өмір салтын насихаттауға арналған заманауи спорт кешені болмақ. Аудан халқы бұл жобаны қуанышпен қарсы алып, жаңа футбол алаңының жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізері сөзсіз.

-Шағын футбол алаңының салынуы – аудан инфрақұрылымының жақсаруына жасалған маңызды қадам. Бұл жоба спортпен шұғылданатын тұрғындардың санын көбейтіп, аймақтың дамуына оң әсер етеді деп күтілуде, — дейді аудан басшысы.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button