Атырау облысында 2 436 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр

57576 Жаңалықтар

 «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«Өткен жылы облыста 5 мың 984 пәтер берілді. Оның ішінде, былтыр  коммуналдық тұрғын үй қорынан 759 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

 «Шаңырақ» пилоттық  жобасы мен «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы 432 отбасы баспаналы болды. Қазіргі таңда облыста 2 436 пәтерлік 41 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр» деп нақтылады  аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз