![Индерде 80 отбасы баспаналы болды 1 ujjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjj](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/ujjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjj-780x470.webp)
Индерде 80 отбасы баспаналы болды
Аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 80 отбасыға жаңа пәтер кілті бұйырды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
![Индерде 80 отбасы баспаналы болды 2 ujjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjj](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/ujjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjjj-1024x682.webp)
Тұрғындарға жаңа баспананың кілтін аудан әкімі Серік Нсанбаев табыстап, жылы лебізін білдірді.
–Баршаңызды бүгінгі қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа пәтерлеріңіз берекеге толы болсын. Бұл игі істің бастамасы оң болып, жалғасын табады деген ойдамыз. Өйткені халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында тұрғын үйлердің қатарын көбейту жоспарлануда, — деді аудан әкімі С.Нсанбаев.
![Индерде 80 отбасы баспаналы болды 3 ujj 2](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/ujj-2-1024x682.webp)
Бұл көпқабатты тұрғын үйдің 60 пәтері үй кезегінде тұрған азаматтарға, яғни, көпбалалы 30 отбасы, әлеуметтік жағынан осал топтағы 22 жанұя және ата -ана қамқорлығына мұқтаж 8 балаға табысталды. Ал қалған 10 баспана қызметтік пәтер есебінде болса, 10-ы ипотекалық болып есептеледі.
![Индерде 80 отбасы баспаналы болды 4 ujjj](https://atr.kz/wp-content/uploads/2025/02/ujjj-1024x682.webp)
–Бүгін көптен күткен жаңа пәтеріміздің кілтін алып, қоныстанып жатырмыз. Қуанышымызда шек жоқ. Бәрін де жаңа баспаналарымен құттықтаймын, — деді аудан тұрғыны Айнара Ұлжабаева.
Айта кетейік, 2023 жылы ауданда 192 пәтер, Жарсуат ауылдық округінде 10 үй берілді. Сонымен қатар көпқатарлы 13 үйдегі 112 отбасы көшіріліп, апатты тұрғын үйдегі отбасылар жаңа қоңыстарына орналасты. Қазір 1400-ден астам адам үй кезегінде тұр.