Индербор кентінде жаңа балалар спорт алаңы пайдалануға берілді
Индербор кенті, Х.Нұрманов көшесінен жаңа үлгідегі балалар спорт алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Тәуелсіздік күніне орай ашылған, аумағы 1 600 шаршы метрді құрайтын нысанда балалар үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жерде футбол алаңы салынып, балалар ойнайтын арнайы құрылғылар қойылып, «STREET WORKOUТ» орнатылып, спортпен шұғылдануға толық жағдай жасалған.
-Жастардың уақыттарын босқа жоғалтпай, спортпен шұғылданғаны маңызды. Ал белгілі бір спорттық жетістіктерге жетіп, еліміздің көк туын желбіретіп жүрсе, одан артық не бар?! Сондықтан бұл спорт алаңының ауданымыз үшін маңызы зор,- деді Индербор кентінің әкімі Шалқар Алмурзиев.
Айта кетейік, бүгінде Индер ауданында 32545 халық болса, аудан орталығында 15015 тұрғын мекен етеді.