ЖаңалықтарҚоғам
Индербор кентінде енді бағдаршам бар
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Индербор кентінде алғаш рет бағдаршам орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Бүгінде аудан орталығында көлік саны көбейді. Әрі, кент іші халықаралық магистралды жолға айналып отыр. Сондықтан да бағдаршам қажеттіліктен туындауда.
– Алдымен, бағдаршамды кентке кіреберістегі Тайсойған мен Д.Қонаев көшелерінің қиылысына қоюды ұйғардық. Өйткені, бұл жолда кептеліс көп. Келесі жылы басқа да орталық көшелерге орнатылатын болады, – деді Индербор кентінің әкімі Ролан Тұрабаев.
Өз тілшіміз.
Индер ауданы.