Жарнама
Жаңалықтар

Индербор кентінде балалар ойын сауық орталығы ашылды

Индер ауданының орталығында балаларға арналған «JoyPark» ойын-сауық орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған орталықты жергілікті кәсіпкер «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы арқылы несие алып, ашып отыр.

— Бүгін отбасыммен бірге балалар ойын-сауық орталығын ашып жатырмын. Әрине, балаларымыздың жадырап, ойнап, күліп жүргені біз үшін үлкен бақыт. Осындай заманауи ғимаратты ашуым мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасы. Алдағы уақытта кәсібімізді одан әрі дамыту жоспарымызда бар.Орталық күнде сағат 11.00-23.00 аралығында жұмыс істейді. Бір жасқа дейін тегін, 1-3 жастағы балаларға 2000 тг, 3-14 жастағыларға 2500 тг. Көп балалы отбасыларға 30, ерекше балаларға 50 пайыз жеңілдік бар. Ал туған күн иесіне кіру тегін, — деді жеке кәсіпкер Бағытжан Габбасов.

Ойын-сауық орталығында балалардың уақытын қызықты, әрі көңілді өткізуге арналған батутты аймақ, лабиринттер,  ойын кешендері мен әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш сынды заманауи үлгідегі ойын құрылғыларымен жабдықталған.

Сондай-ақ, кәсіпкер жергілікті төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Айта кетейік, аудан тұрғындары үшін орталықтың мекенжайы Н.Меңдіғалиев, 20.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button