Индербор кентінде 6 тұрғын үйдің қас беті жаңартылды

87okl Жаңалықтар

Индербор кентінде ескіріп, өңі кеткен көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылды, деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

– 2021 жылы Индербор кентіндегі он бір көп қабатты тұрғын үй толықтай күрделі жөндеуден өтсе, биыл Бейбарыс көшесінде орналасқан №1, 2, 3, 4, 6 және 7 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қасбеттері жаңартылып, шатырлары ауыстырылды. Өткен жылы қолға алынған бұл жұмыстардың басты  мақсаты – кенттің көркін келтіріп, жаңаша келбетін қалыптастыру,- деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асхат Аймұратов.

Айта кетейік, бүгінде аудан орталығы Индербор кентінде жалпы 65 көп қабатты тұрғын үй бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз