
Жаңалықтар
Индербор кентінде 6 тұрғын үйдің қас беті жаңартылды
Индербор кентінде ескіріп, өңі кеткен көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттері жаңартылды, деп хабарлайды Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
— 2021 жылы Индербор кентіндегі он бір көп қабатты тұрғын үй толықтай күрделі жөндеуден өтсе, биыл Бейбарыс көшесінде орналасқан №1, 2, 3, 4, 6 және 7 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қасбеттері жаңартылып, шатырлары ауыстырылды. Өткен жылы қолға алынған бұл жұмыстардың басты мақсаты – кенттің көркін келтіріп, жаңаша келбетін қалыптастыру,- деді аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асхат Аймұратов.
Айта кетейік, бүгінде аудан орталығы Индербор кентінде жалпы 65 көп қабатты тұрғын үй бар.