Индер ауданында жоғалған малшы табылды

5a61fe7c 84f2 458b 9374 13b3d0446fd1 Жаңалықтар

15 ақпан күні 53 жастағы Индер ауданының тұрғыны түйемен мал бағуға шығып, осы уақытқа дейін кері оралмағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сол күні 14 сағат 30 минутта Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған малшы табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қатысты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз