Индер ауданында жағалауды нығайту жұмыстары 95% аяқталды

img 20240418 wa0022 Жаңалықтар

Аудандағы қорғаныс бөгеттерінің жалпы ұзындығы 17 850 метрден 27 820 метрге дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлады.

-Биыл көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары аясында қосымша 9970 м қорғаныс бөгеттері салынды.

Негізінен қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл аумақта 10 500 метр қорғаныс бекіністері орналасқан, – деді Индер ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Әділ Қонқаев.

Қазір Индер ауданында 24 220 м жағалау сызығы нығайтылды, бұл жалпы жұмыс көлемінің 95%-ын құрайды.  

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз