Индер ауданын енді Мейірім Қалауи басқарады

24d767ce6c156eb07b1fc26c266211f5 XL Жаңалықтар

Облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев жұмыс сапарымен Индер ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Мейірім Қалауиды Индер ауданының әкімі етіп тағайындады.

2019_01_16_044610617800

Аудан активімен кездескен облыс басшысы осы уақытқа дейін аудан әкімі болған Серік Бисешұлы Арыстанның атқарған жұмыстарына алғыс білдіріп, Индер ауданында көптеген жұмыстар атқарылғанына тоқталды. Сонымен қатар жаңа әкімнің өмірбаянымен таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

24d767ce6c156eb07b1fc26c266211f5_XL

Бұған дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болған Қалауи Мейірім Жоламанұлы 1985 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл селосында дүниеге келген. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген ол студент кезінде азаматтық қоғам институттарында белсенді қызмет атқарып, облыстың қоғамдық-саяси жұмысына белсенді қатысқан. 2007 – 2010 жылдар аралығында Ресей Федерациясы президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында білім алған.

2010 жылы «Тұран» ЖШС директоры, 2010 – 2011 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы, 2011 – 2012 жылдарда «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының төрағасы, 2012 – 2016 жылдары Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2016 жылы Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, одан әрі күні бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз