“Индер аудандық отбасын қолдау орталығы” басшысы тағайындалды
Индер ауданында кадрлық өзгерістер орын алды. “Индер аудандық отбасын қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Жанболат Ғизатов тағайындалды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жанболат Самиғоллаұлы 1969 жылы 10 қарашада Атырау облысы, Индер ауданы, Елтай ауылында дүниеге келген. Ол – жоғары білімді маман. Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1987 жылы «Амангелді» атындағы қаракөл совхозында темір ұстасы ретінде бастаған. Әр жылдары Атырау облысы бойынша ішкі істер департаменті Индер аудандық бөлімінде жедел уәкіл, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкері, «ҚазСушар» РМК мекемесінде маман және Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы, Бөдене ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарған. Былтырдан бастап бүгінге дейін Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі лауазымында болды.