Жарнама
Жаңалықтар

Индер ауданында 222 шақырым автомобиль жолының 77 пайызы асфальттанған

Бұл туралы Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аудандық маңызы бар 221,9 шақырым автомобиль жолының 170,7 шақырымы асфальттанған. Өткен жылы басталған Өрлік ауылындағы ұзындығы 13,5 шақырым болатын ауылішілік автомобиль және жаяу жүргінші жолының күрделі жөндеу жұмыстарының жыл соңына дейін 80% аяқталғалы отыр.

-Жұмыстың 20 пайызы, яғни 2 шақырым жолы ауа райының салқындауына байланысты келесі жылға жоспарланып отыр. Келісім-шарт бойынша жоба құны 2 млрд 474 млн 700 мың тенге,- деді Д.Шамұратов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button