
«Иман жастары» футбол жарысында жеңіске жетті (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Atr.kz/8 сәуір, 2019 жыл. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде үкімет емес ұйымдар мен ерікті жастар арасында кіші аяқ доптан спартакиада өткізілді.
Жалынды жастардың басын біріктірген спорттық шараға «Salem Atyrau», «Иман жастары» еріктілер тобы, «Логос-Атырау», «Жеті жарғы», «Рауан-Атырау», «Намыс», «Харакет» қоғамдық қорлары, «Жақсылыққа жаным жақын» қайырымдылық қоры және облыстық ішкі саясат басқармасы командалары қатысып, өзара ойын барысында сынға түсті.




Тартысқа толы ойындар нәтижесінде «Иманғали» орталық мешітінің жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілер тобы командасы ақтық ойында «Жеті жарғы» қоғамдық қоры командасын ұтып, турнир жеңімпазы атанды. Ал, үшінші орын үшін болған бәсекеде «Намыс» қоғамдық қоры командасы «Рауан-Атырау» қоғамдық қоры командасынан басым болды.
Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ





