«Иман жастары» еріктілері мұқтаж отбасыларға азық үлестірді
Atr.kz/ 17 – ақпан. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігіне қарасты Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, бүгін Атырауда қайырымдылық шарасы өтті» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
Орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілері көп балалы отбасыларға және мұқтаж жандарға азық-түлік пакетін үлестірді. Барлығы жеті отбасына азық-түлік таратқан «Иман жастары» еріктілері ең қайырлы амалдың садақа беру екендігін айтады.
«Жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуде – Алла разылығы көзделуі тиіс. Сол үшін мұсылман баласы пенделік мақсатты көздеп емес, тек қана Алла ризалығын мақсат тұтып қайырымдылық жасауы керек. Біздің мақсатымыз — қоғамды игілікті істер жолында біріктіру» дейді орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы, «Иман жастары» еріктілерінің жетекшісі Мұрат Мұстафаев.
Фото — islam-atyrau.kz.