«Игілік» – Ел игілігі үшін

ANU 3329 1 Жаңалықтар

«Теңізшевройл» ЖШС «Игілік» еркін бағдарламасы аясында көптеген әлеуметтік нысандар тұрғызып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып келеді. Бастапқыда бюджеті 4 млн. доллордан тұратын бағдарламаның уақыт өте аясы да кеңіп бүгінде 25 млн. доллорға жеткен. Бұл туралы айтылған қоғамдық консультативтік кеңес отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев төрағалық етті.

anu_3329

Жиында Жылыой ауданы мен Атырау қаласында жүзеге асып келген бағдарламаның бүгінде ауқымы кеңи түскенін айтқан «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкімет және жұртшылықпен байланыс департаментінің бас менеджері Рзабек Артығалиев өзге де аудандар «Игіліктің» игілігін көре бастағанын мәлім етті. Айтуынша, биыл бағдарлама аясында 14 ірі жоба қарастырылған. Оның ішінде Мектептер, мәдениет үйлері, балабақшалар секілді әлеуметтік маңызды нысандар бар. «Бүгінде бұл бағдарлама өз нәтижесін беруде. Мұның маңыздылығын да ел түсіне бастағандай. Айталық, өзгелерін қоспағанда Жылыой ауданындағы жылдар бойына қордаланған көптеген мәселенің шешімін табуына себепші болды. Жұмыс жасаған соң, соның ішінде құрылысқа қатысты істе қиындықтар болмайды емес, болады. Әсіресе, жер учаскелерін бөлу, жобалық сметалық құжаттардың өзгеруі секілді мәселелер туындайды. Алайда, мұның бәрінің шешімін тауып, құрылысты кідіртпеудің жолы қарастырылып отырады», деді ол.

anu_3334

Аталған жиын барысында компания өндірісіне енгізілген «EVERGREEN» технологиясы жайында да айтылды.    

Мәлике МӘЛІК.

Суретті түсірген: Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз