Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Атырауда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс режимі өзгерді

Atr.kz/19 наурыз, 2020 жыл. Халыққа қызмет көрсету орталықтары бүгіннен, 19 наурыздан бастап жұмыс режимін өзгерту туралы шешім қабылдады.

Бұдан былай тұрғындар ол жерден тек онлайн ұсынылмайтын қызметтерді ғана ала алады. Атап айтсақ, төлқұжат, жеке куәлік, зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақы тағайындау және басқа да құжаттар. Қазір 642 қызметтің 80 пайызы автоматтандырылған. Бәрі де электрондық үкімет порталы арқылы баршаға қолжетімді. Сонымен қатар, азаматтар қажетті анықтамаларды Egov Mobile мобильді қосымшасы мен телеграмдағы бот арқылы да ала алады. 

— Бұл адамдар көп шоғырланатын мекеме болғандықтан, тиісті шаралар қабылдануда. Сол себепті, тұрғындарға  құжаттарды онлайн алуға  кеңес береміз, — дейді «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпарациясы коммерциялық емес АҚ Атырау облыстық бөлімшесінің басшысы Мұса Хайролиев.

Айта кетейік, енді еліміздегі барлық ХҚКО-ы сағат 17:00-ге дейін ғана жұмыс жасайды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу барысында қандай да бір  қиындықтар мен сұрақтар туындаған жағдайда, азаматтар «1414» бірыңғай байланыс орталығына ұялы және стационарлы телефоннан тегін хабарласа алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bauipti-indetti%d2%a3-osha%d2%93ynda-50-k%d2%afn-bojy-t%d2%afsirilgen-video-zhariyalandy-video/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button