Жарнама
Жаңалықтар

Халықтың қуаты ­– бірлікте!

Атырау қаласындағы №16 Ж.Қаражігітов атындағы мектеп-лицейде орналасқан №10 сайлау учаскесіне ертемен дауыс беруге келгендердің қарасы көп. Күн жексенбі болғанына қарамастан мұнда  18 жасқа толған жастар мен жасы ұлғайған жандар да көптеп келуде.

  Бұл учаскеге алғашқылардың бірі болып келіп, өз таңдауын жасағандардың қатарында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов те болды.

  –Ертемен келгенімізбен, көріп тұрғаныңыздай, келушілердің қатары көп. Қайсының да көңілдері көтеріңкі, тойға келгендей бірін-бірі қызу құттықтауда. Менің қасымдағы немересін ертіп келген ақсақал өзінің осы сайлауға үлкен үмітпен келгенін айтып, «қартайған шағымда әділеттілік, демократия деген халықтың арман-ойларына қол жеткізетініне қуана, жастарға жол көрсете келдім» деп өз таңдауын жасауға жаңа ғана кабина ішіне кіріп кетті. Шынында да, біз аға ұрпақ ашық үкімет, айқын экономика, таза экология, заманауи медицина, отандық ғылым, халықты әлеуметтік қолдау секілді қасиетті ата-жеріміздің басты мәселелерінің қолға алынып жатқанына ризамыз. Біздің Отанымыздың алдағы уақытта дүниежүзілік тұғырдан өз орнын аларына сенімдіміз. Сол үшін де ардагерлер бүгін ертемен келіп, маңызды науқанға қолдау білдіруде.

Біздің басты мақсатымыз – елдің бірлігі мен қоғам тұрақтылығының шегедей мығым болуы тиістігін, ұлт бірлігінің – ұлы байлық екендігін жас ұрпаққа ұғындыру. Ендеше, бүкілхалықтық сайлау нәтижелі болып, әділ және ашық істердің бастамасы болғай! — деді Мұрат Сақтайұлы.

Аталған сайлау учаскесіне келушілерге барлық жағдай жасалған. Сайлаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ғимарат ішінде әсем әуен әуелеп тұр.

Жалпы, аталған сайлау учаскесінде 1823 сайлаушы болса, оның 30-дан астамы таңмен таласа тұрып, дауыс беріп үлгерген.

 Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button