
Жаңалықтар
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі уақытша тоқтады
29 қыркүйекте ҚР мамандандырылған ХҚО жұмысында техникалық ақау орын алуына байланысты кейбір қызметтер көрсетілмей жатыр.
Атап айтқанда, жүргізуші куәліктерін беру – жүргізуші куәлігін алғаш рет алушылар мен қосымша санат алушылар үшін қызметтер қолжетімсіз. Сондай-ақ, теориялық және практикалық емтихандарды тапсыра алмайды.
Ал, көлікті қайта тіркеуге қою және жүргізуші куәлігін ауыстыру қызметтері қолжетімді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп, ақауды жою және қызметті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сервис жұмысының қалпына келтірілгені туралы қосымша хабарланатын болады.