Жарнама
Жаңалықтар

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалақы 50% өседі

ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы өсетінін айтты.

«Шын мәнінде, біз биыл олардың жалақысын 50 пайызға көтереміз. Екіншіден, қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі бар. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50 пайыз немесе 100 пайыз жоғары жалақы алады», — деді Б. Мусин Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында қарастырылған өтінімдер саны бойынша ынталандыру жүйесі бар екенін нақтылады.

«Жұмысын жылдам әрі жақсы атқаратындар мен құжаттарды баяу рәсімдейтіндердің еңбекақысын теңестіргіміз келмейді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының негізгі міндеті – өтінімдерді жылдам әрі сапалы қарастырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету. Ынталандырудың тиісті жүйесі бар және ол бойынша жыл соңында сыйлықақы қарастырылған», — деді ведомство басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button