![ХАЛЫҚ САНАҒЫ – 2021: Атырауда тұрғын үйлерді жалпы аралау жұмыстары басталды 1 whatsapp image 2021 10 04 at 13.48.58](https://atr.kz/wp-content/uploads/2021/10/whatsapp-image-2021-10-04-at-13.48.58.jpeg)
Жаңалықтар
ХАЛЫҚ САНАҒЫ – 2021: Атырауда тұрғын үйлерді жалпы аралау жұмыстары басталды
Негізгі кезеңді жүргізуге облыс бойынша 700-ден аса санақ персоналы жұмысқа тартылды, деп хабарлайды atr.kz Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Санақ персоналының қажетті жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ, санақтың негізгі кезеңінің өтуі мерзімінде нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлердің Атырау қаласының қоғамдық көліктерінде тегін жүруі ұйымдастырылды.
Бұл туралы брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов мәлімдеді.
- Үй-жайларды жаппай аралау кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері іс-шараны өткізу кезінде қолдау көрсететін болады. Қажет болған жағдайда, құқық қорғау органдарында есепте тұрған адамдар тұратын күрделі учаскелерде, саяжай алқаптарында учаскелік инспекторлар интервьюерлермен бірге жүретін болады, — деді ол.