Атырауда жұмысшылар еңбек дауына байланысты 1000-ға жуық арыз түсірген

1 39 Жаңалықтар

Бүгінгі таңда елімізде еңбек адамының құқықтарын қорғау, өмір қауіпсіздігін сақтау, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс жасайтын, мемлекеттік құрылымдар, қадағалаушы органдар қызмет атқаруда. Олардың санатында Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы да бар.

Еңбеккердің заңды құқықтарының қорғалуын алғы кезекке қоятын бұл мемлекеттік құрылым  өзіне  берілген өкілеттіктер шеңберінде жүйелі жұмыстарды жүзеге асырады. Еңбек заңнамасы талаптарының мүлтіксіз орындалуына мүдделі.

 Азаматтар құқығының негізсіз бұзылуына жол берілмеуін басты міндеті санайды.

950-ге жуық арыз-шағым түскен

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Əубəкіровтің (суретте) айтуынша, жыл басынан бергі жеті айда азаматтардан 950-ге жуық  арыз-шағым түскен. Олар негізінен еңбекақы берешегі, жұмыстан заңсыз шығару немесе қысқарту, кезекті еңбек демалысының уақытында берілмеуі, т.б. өзекті мəселелерді қамтиды.

Осылайша, есепті мерзімде мемлекеттік еңбек инспекторларының тексеруімен барлығы 1146 жұмысшықызметкерге тиесілі 363 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы өндірілген. Оның ішінде, мониторинг жұмыстарын жүргізу арқылы 538 жұмысшының 116 млн. теңге еңбекақысы, сондайақ жекелеген азаматтардың өтініштері негізінде жүргізілген тексерулердің қорытындысымен 608 жұмысшының 248 млн. теңге сомасындағы жалақысы төленген. Одан бөлек, тексерусіз, жедел түрде жүргізілген еңбек құқықтарын қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру арқылы 9.2 млн. теңге көлеміндегі еңбекақысын ала алмай қалған 80- ге тарта жұмысшының арызы кері қайтарылған.

Өкінішке қарай, жасалған ескертпелер, алынған шараларға қарамастан, өндірісте орын алатын жазатайым немесе бақытсыздыққа душар ететін оқиғалардың саны азаймай отыр. Жыл басынан бері облыста осындай 28 дерек тіркеліп, соның салдарынан 30 жұмысшы ауыр дене жарақатын алған, 2 адам қаза тапқан.

Талдау тексеру  жұмыстарының қорытындысында, оның 18-нің жұмыс берушінің кінəсінен, бесеуінің жұмысшының жəне 5 оқиғаның екі жақтың ортақ кінəсінен орын алғаны белгілі болды. Осы фактілер бойынша жүргізілген тергеп-тексеру шаралары бойынша жинақталған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды. Кəмелетке толмағандардың еңбегін қорғау да инспекцияға жүктелген маңызды міндеттердің бірінен саналады.

 Бұл саладағы заң бұзушылықтар облыстық полиция департ аментінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілетін рейд-тексерулер арқылы анықталады. Əрине, осы ретте есепке алынған фактілердің болғанын жоққа шығарудың жөні жоқ. Облыстың бас мемлекеттік еңбек  инспекторының сөзінше, бұған жол берген немесе кінəлі деп танылған тұлғалардың заңдылыққа сəйкес жауапкершілікке тартылып, жазасыз қалмайтынын ескертті. Сөйтіп, заңды бұзған шағын кəсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 80, орта кəсiпкерлiк субъектiлерiне – 150, iрi кəсiпкерлiк субъектiлерiне – 200 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынатынын қаперге берді. Егер əкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн жұмыс беруші бiр жыл iшiнде тағы бір рет бала еңбегін заңсыз пайдаланған жағдайда, айыппұл мөлшері бірнеше есеге дейін өседі екен.

 Еңбек дауы: шешімі қандай?

Басқарма  жұмысында басымдық берілетін бағыттардың бірі – еңбек даулары жəне оларды шешу жолдары. Биыл облыста 37 ұжымда еңбек дауы орын алған. Мұның ішінен 25 кəсіпорындағы ахуал жұмысшылардың пайдасына шешіліп, 12-іне қатысты тиісті шаралар қабылданыпты. Бұл ретте еңбек дауларының алдын алу немесе болдырмау, бола қалған жағдайда оларды сотқа дейінгі татуласу жолымен шешу амалдарын қарастыру да көзделген. Мəселен, 2019 жылдың 5 қарашасында Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жəне «Атырау облысы бойынша медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі арасында еңбек дауларын шешудің баламалы  тəсілі  ретінде бірле скен ынтымақтастық Меморандумына қол қойылған. Тəжірибе көрсеткеніндей, шет елден келетін жұмыс күшін тарту мен пайдалану барысында да заңнама талаптарына қайшы келетін əрекеттерге жол беріліп, құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Осындай келеңсіздіктерді анықтап, себеп-салдарын зерттеп-зерделеу де еңбек инспекциясының құзырындағы іс.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде, 2019 жылы 180 шетелдік жұмысшының мамандығы бойынша берілетін рұқсатнамада атап көрсетілгеніне сəйкес келмейтін лауазымда қызмет атқарғаны, солардың арасынан 123 шетел азаматының білімі атқарып отырған лауазымына сəйкес еместігі əшкереленіпті. Тексеру қорытындысында, рұқсат қағаздары жарамсыз деп танылып, кері қайтарылған. Сонымен қатар, 2020 жылы шетелдік жұмыс күшін тарту заңдылығын сақтау мəселесі бойынша 2 компанияда тексеріс жұмыстары жүргізілген.

 1 шетелдік жұмысшының берілген рұқсатқа сəйкес келмейтін лауазымда қызмет атқарғаны анықталып, қолындағы рұқсат қағазы жарамсыз деп танылған.

Ал, биылғы жеті айда профилактикалық бақылау жəне қадағалау арқылы жүргізілген тексерулердің нəтижесінде 3 шетелдік жұмысшының атқарған жұмысы берілген рұқсатқа сəйкес келмейтіні анықталыпты. Осы кезеңде жұмысшылар мен  жұмыс  берушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жандандырылды. Сол мақсатта басқарма жанынан арнайы əлеуметтік желі ашылды. Сондай-ақ телеграмм желісі, басқарманың жедел нөмірі, топ ашылып, жоспарлы да жүйелі іс-шараларды жүзеге асыруда. Бұл – халықтың сауаттылық деңгейінің көтерілгенінің көрсеткіші.

 Дəулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз