Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Халық қалаулылары – Атырауда

Осы аптада Республика Парламенті Сенатының депутаттары Ғұмар Дүйсембаев пен Сағындық Лұқпанов жұмыс сапарымен Атырауда болды. Индер, Махамбет, Мақат және Жылыой аудандарына сапар барысында олар түрлі сала нысандарының жай-күйімен танысып, өңірдегі негізгі мәселелердің жай-жапсарына үңілді.

Халық қалаулылары жұмыс сапарын Индер ауданынан бастап, аудан орталығындағы 1972 жылы салынған су тарату станциясының жұмысымен танысты. «Индер-Су» ЖШС-нің директоры Шалқар Алмурзиевтің айтуынша, станцияға 2019-2020 жылдар аралығында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жасалған. Тәулігіне 1800 текше метр су айдайтын станцияда 16 адам қызмет етеді.

– Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке айрықша жүктеген тапсырмаларының бірі. Бұл тұрғыдан алғанда 34 мыңға тарта халқы бар ауданның жағдайы анағұрлым жақсы екен. Аудан орталығының өзіндегі 2 бірдей су айдау станциясының және ауылдық округтердегі су тазарту қондырғыларының өз дәрежесінде жұмыс істеуі көп жұмыстың атқарылғанын байқатады. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынына сенім білдіремін, — деді сенатор Ғұмар Дүйсембаев.

Аудан әкімі Мейірім Қалауи сумен қамтуды жақсарту бағытында қосымша қаражат бөлу жайы облыс басшылығының алдына қойылғанын жеткізді. Осыдан соң сенаторлар «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Жергілікті депутаттардың ұсыныстарына назар аударып, оларды жоғары заң шығарушы органның қызметімен таныстырды. Қабылданған заңдар бойынша түсінік берді. – Біздің көтеріп жүрген мәселелеріміздің бірі – Жайық өзенінің тағдыры. Осыған орай Үкімет басшысы Асқар Маминнің атына депутаттық сауал жолдадық. Жуырда оған вице-премьер Роман Скляр жауап берді. Енді мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде қосымша шаралар алынады. Сонымен қатар өңірдегі Жем, Ойыл, Сағыз өзендерінде де судың келу деңгейі төмендеген. Осыған орай салалық министрлік ұжымдық комиссия құрып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жерасты су көздерін іздестіру де күн тәртібінде тұр. Өзендерге судың келмеуі жерасты су көздері деңгейінің тым төмендеп кетуінен деген қосымша ұйғарым жасалып отыр, — деді сенатор Ғұмар Исламұлы. Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты, «Дендер» газетінің бас редакторы Жанай Амантурлин соңғы кездері отбасылардың ажырасу фактілері жиілеп кеткенін сөз қылды. Осы мәселені заңмен реттеу жолын қарастыруға ұсыныс берді. Сонымен қоса, кәсіптік білімге бейімдеп дайындайтын колледждердің заманауи тұрғыда білім беру дағдысына көшуді жеделдету мәселесі талқыланды. Кездесу соңында аудан әкімі Мейірім Қалауи ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына шолу жасап, алдағы міндеттер туралы ой бөлісті. Бұдан соң сенаторлар Индербор кентінің «Көктем» шағын ауданына қарасты 11-ші учаскесінде салынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын аралап көрді. – Бұл жерде 20 көп қабатты үйдің құрылысын салу жоспарда бар. Қазір 48 пәтерлік 4 үй және 80 пәтерлік бір үйдің құрылысы аяқталып келеді. Шілде айында пайдалануға тапсырамыз, — деді аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы Мирас Ибраев. Оның айтуынша, болашақта бұл аумақта 272 отбасы қоныс тойын тойлайды. Жұмыс сапарының екінші күні Сенат депутаттары және облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Нәутиев Махамбет ауданында болды. Алдымен аудандық әкімдікке ат басын бұрып, аудан басшысымен, мәслихат хатшысымен, жергілікті мәслихат депутаттарымен жүздесті. Сенатта 50-ге жуық заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізілгеніне тоқталған сенатор Ғұмар Дүйсембаев «донор» өңір саналатын Атыраудың ел экономикасына қосып отырған үлесінің зор екенін, алайда облыстың 18 елді мекенінде әлі де «көгілдір отын» құбырының тартылмауы, тегіс жолдың салынбауы қиындық келтіретінін атап өтті. Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің жайы, сондайақ тарихи орын Сарайшықтың мәселесі соңғы кездері Парламентте жиі көтеріліп келе жатқанын тілге тиек етті. Ке зд е с уд е н с о ң с е н ат о р л а р су есептегіш құралдар шығаратын зауыттың құрылысымен танысты. Айына 18 мың дана есептегіш құрал шығаруға қауқарлы зауыт болашақта республиканың өзге өңірлерінің де сұраныстарын қанағаттандырады. Өндіріс орнында жұмыс жасайтын 80 адамның жартысынан көбі жергілікті тұрғындар болмақ. Халық қалаулылары алғашқы өнімді қыркүйек айында шығаруды жоспарлаған «GURYEV» ЖШС жұмысына сәттілік тіледі. Биыл 20 гектар жерге көкөніс егіп, жылыжайда лимон өсіруді қолға алған Жалғансай ауылдық округіндегі «Рамазан» шаруа қожалығының жұмысына да жоғары баға берді. С е н ат о р л а р м е н о бл ы с т ы қ мәслихат депутаттарынан құрылған топ бұдан соң ат басын Мақат ауданына тіреді. Олар алдымен Доссор кентіндегі жаңадан салынып жатқан жаяу жүргіншілерге және автокөлікке арналған жол құрылыстарымен танысты. Қазір кентте құны 600 млн. теңгелік 5,8 шақырым жол төселіп жатыр екен. 2019 жылы басталған жол құрылысы биыл аяқталмақ. Бас мердігер «Ақжол» ЖШС биылға бөлінген 300 млн. теңгеге 1,5 шақырым асфальт және 2,4 шақырым жаяу жүргіншілер жолын төсеп жатыр. Аудан әкімі Шәкір Кейкин бұл жобаның ішіне автотұрақты кірістіру көптен бергі көкейде жүрген мәселе екенін айтты. Бұдан бөлек кентте 21 шақырымдық асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жасалуда. Құрылыс жүргізетін жеңімпаз анықталғаннан кейін жол төсеу жұмыстары басталады. Сенаторлар жаңадан салынған 280 орындық «Ботақан» балабақшасына да бас сұқты. Екі қатарлы бұл нысан «Теңізшевройл» компаниясының демеушілігімен салынған. Жалпы аумағы 2799 шаршы метрлік бөбекжай былтыр қазан айында қолданысқа беріліп, тұрғындарды қуантыпты. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты ата-аналардың өтінішімен 220 баланың 60 пайызы ғана балабақшада тәрбиеленуде. Заманауи стандартқа сай салынған балабақшада 65 қызметкер жұмыс жасайды. Оның 25-і педагог. Балабақша жұмысымен танысқан сенаторлар ұжыммен кездесіп, олардың жеке мәселелеріне де құлақ түрді. Кенттегі келелі істерге қанық болған халық қалаулылары одан әрі Жылыой ауданына жол тартты. жоғарғы заң шығарушы органның жыл басынан бергі атқарған жұмысына қысқаша тоқталды. Одан соң, ел қазынасына қыруар қаржы құйып отырған аймақта қордаланып қалған өзекті мәселелерді атап өтті. Соның бірі – тасжолдардың жағдайы. Күні бүгін облыста жолдың 57 пайызы ғана жақсы және қанағаттанарлық деңгейде, ал сапасы жөнінен еліміз бойынша 12-орында тұр екенбіз. Көптен қозғалып жүрген МұқырҚұлсары тасжолы Мақат–Қандыағаш республикалық трассасы құрылысынан үнемделген қаражат есебінен салынады. – Облысқа сапарымыздың мақсаты – атқарған жұмысымыз бойынша есеп беру ғана емес, заңдардың жергілікті жерде қаншалықты орындалып жатқанын білу. Бір-біріне қарама-қайшы келетін заң актілерінің кездесетіні жасырын емес, сол себепті кейбір заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек бола ма, міне, сол жағын анықтау. Сондықтан бі з ге т и і с т і ұ с ы н ы с т а р ы ң ы зды беріңіздер, — деді Ғұмар Исламұлы. Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік ком и т е т і н і ң м ү ш е с і С а ғ ы н д ы қ Есенғалиұлын, негізінен, жұмыссыздық мәселесі толғандырды. Теңіз кенішіндегі Келешек кеңею жобасы мен Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы аяқталған соң Атырау аймағында бұл мәселенің күрделілене түсетінін жасырмады. Сондықтан мұнай-химия өнеркәсібін дамытып, осы салада жұмыс орындарын көптеп ашатын мүмкіндіктің мол екенін атап өткен депутат «полимерсіз өмір жоқ» деді. Яғни, қара алтын құрамынан өндірілетін полимерді кәдеге жаратудың тетіктерін таба білсе, кәсіпкерліктің де кең қанат жаятынына сенім білдірді. Кездесуде аудандық мәслихат депутаты, аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Мәмбетова ауданда бала көтере алмайтын 357 әйелдің 128-інің ЭКО арқылы босануға мүмкіндігі барын айтты. Бұл Президент Қ.Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасы негізінде мәлім болып отыр. Сенат депутаты Ғ.Дүйсембаевтың ықпал етуімен «Теңізшевройл» ЖШС мен денсаулық сақтау басқармасы және Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЭКО Лайф» орталықтарының бірімен үшжақты келісімшарт жасақталған. Соның нәтижесінде ТШО-ның қаржыландыруымен 2018 жылдан бері жылыойлық 30 әйел тегін квотаға қол жеткізген. Күні бүгін олардың 65 пайызы перзент сүйіп үлгеріпті. Бұл жұмыс биыл да өз жалғасын таба бермек. Сондықтан Сәуле Тұрдығалиқызы аудандағы аналар атынан Сенат депутатына алғысын білдірді. Аудан әкімі Ха лел Жама лов мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықты қайта қарау жөніндегі өз пікірін алға тартты. Ондағы кейбір шикіліктің салдарынан аудандағы тазалық мәселесін шешу мақсатында өткізілген тендер қайта қаралып, жұмыс алға баспай жатқан көрінеді. Сол секілді Құлсары қаласынан салынуға тиісті подстанцияның құрылысы да тоқтап тұр. Аудандарда өткен жиындар барысында халық қалаулылары басқа да қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді тыңдады.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button