ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда «көліксіз күн» акциясы өтеді
«Акция 5 маусымға жоспарланған» деп хабарлайды Atr.kz
Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы Дүниежүзілік қоршаған орта күніне байланысты, яғни 5 маусымда «көліксіз күн» акциясын өткізеді. Осы күні экологтар автокөлікті пайдаланудан бас тартып, акцияны қолдауды ұсынып отыр.
«Көктемгі-жазғы кезеңде қалаларда ауадағы азот оксидінің (NOx) негізгі көзі автокөлік болып табылатыны белгілі. Қазіргі уақытта қалаларда азот оксидтерінің фондық концентрациясы рұқсат етілген нормадан асады. Осыған байланысты, акцияны қолдау сұралады» делінген хабарламада.
«Atr — ақпарат»