Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайы

Грантқа – 500 мың теңге

«Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының «Әрекет» жобасы бойынша үкіметтік емес ұйым өкілдерін оқыту бағдарламасы қорытындыланды. «Атырау облысы ішкі саясат басқармасының Азаматтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткен жобаның қорытынды шарасында аймақтағы қоғамдық ұйымдар бизнес-идеяларын қорғап, оны жүзеге асыру үшін 500 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды.

????????????????????????????????????

Жобаға қатысу үшін үміткерлер әлеуметтік жобаларды қолдау қорының сайты арқылы 12 шілдеге дейін онлайн-өтінім берген болатын. Одан кейін  аталған азаматтық орталықта 23-27 шілде аралығында өткен бизнес-сабақтарға қатысты. Тренингтер қорытындысы бойынша атыраулық 22 ұйым жетекшілеріне сертификаттар табысталды. Конкурсқа 41 өтінім тапсырылып, оның 16-сы жеңімпаз атанып отыр.

 — «Әрекет» жобасы аясында бизнес-жобаларын қорғау үшін үкіметтік емес ұйымдарға осындай ерекше мүмкіндік берілді. Олардың бизнес-жобалары негізінен әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталып отыр. Грант жеңімпаздары тоғыз ай бойы жобаларын іске асырып, нәтижесін «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорына береді, — деді азаматтық орталықтың үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бөлімінің басшысы Мейрамгүл Есниязова.

????????????????????????????????????

«Бұл бір реттік шара емес. Біз үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасты жалғастыратын боламыз. Екіжақты, тиімді ынтымақтастық екенін айтқым келеді. Бір жағынан, әлеуметтік жобаларға қолдау болып, бизнесті дамытуға жағдай жасалса, екіншіден, «Самұрық-Қазына» бәсекелестікті кеңейту арқылы қаржыны тиімді пайдалануға мүмкіндік алады», — деді «Samruk-KazynaTrust» корпоративтік қорының тренері Мәдина Шынасыл.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА,

Суреттерді  түсірген: Е.АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button