Жарнама
Жаңалықтар

ҮГІТ КЕРУЕНІ – АУЫЛДАРДА

Керуен құрамындағы облыстық аурухана дәрігерлері Ақжар елді мекеніндегі жергілікті емханада жұртшылықтың денсаулығын тексеріп, тиісті көмек көрсетіп, кеңес берді.
Одан әрі ауыл тұрғындарымен кездесу барысында сапардың басты мақсатымен таныстырған керуенбасы Қойшығұл Жылқышиев «Жолдауды насихаттау жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында сан мәрте көрсетіліп жүргенімен, халықпен тікелей кездесіп, түсіндірудің мәні бір бөлек. Бұл халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және тұрғындар мен атқарушы билік арасындағы байланыс деңгейін мейлінше ұлғайту болып табылады» деп, ел дамуындағы Елбасы Жолдауының маңыздылығын баса айтты.
Ел тұтқасын дені сау, білімді ұрпақ қана ұстары анық. Олай болса, жастарды салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануға баулу – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл жөнінде тайэеквондадан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабибек Мұхтаров сөз етіп, спортпен шұғылдану – денсаулықтың басты кепілі екенін жеткізді. Жас буынды спортпен айналысуға шақырды. Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Дина Әбішева, заңгер Данияр Сұлтановтар түсінік жұмыстарын жүргізді.
Керуеннің кезекті отырысы Балықшы селолық округіндегі Көкарна ауылында жалғасты.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button