Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаҚоғам

ГИПЕРБЕЛСЕНДІ бала: Ол кім?

Atr.kz/23 шілде, 2019 жыл. Бүгінде бала тәрбиесіне қатысты әңгіме болғанда «гипербелсенді» терминін жиі естиміз. Индиго балалар көптің ортасынан оза шауып шыққан дара болса, ал, гипербелсенділер дегеніміз кім? Оның белгісі қандай? Пайда болу себептері неде? Мұндай бүлдіршіндерді қалай тәрбиелеу қажет?

Гипербелсенді баланың жалпы болмысын сипаттар болсақ, олардың ең алдымен ұйқысы тұрақсыз болады. Түнде оянып алып ойын ойнай береді, энергиясының көптігі сонша бір орында тыныш отыра алмайды. Байыз таппай секіріп, жүгіріп, дамылсыз, мазасыз  күйде болады. Тез сөйлейді, соның салдарынан кейбір сөздерді толық айтпауы да мүмкін. Өзінің ғана қалауымен жүргенді ұнатады. Бұзықтыққа әуес болған соң айналасындағылардан шағым жиі түседі. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай диагноз көп жағдайда туабітті болуы мүмкін.

«Мұны баладағы артықшылық, ауытқушылық немесе кемшілік деп те атауға болмайды. Анасы жүктілік кезінде күйзеліске түссе, оттегі тапшылығы орын алып, ағзаға қажетті дәрумендер жеткіліксіз болса, күні бойы компьютер мен смартфондарға тәуелділік те гипербелсенді баланы дүниеге әкелуге себепші. Сондай-ақ, жүктілік кезінде жатырдағы баланың салмағының көптігі босану кезінде әртүрі ауыртпалық тудырады.

Мұның да салдары бұл диагноздың қойылуына әсер етеді. Кесарь тілігімен дүниеге келгендердің бірқатарында да осы диагноз табылып жатады. Мұндай балақайлардың сабақта зейін қоюы нашар, есте сақтау қабілеті төмен, қоршаған ортада өзге балалармен тіл табысуы қиын болады. Егер болашақ ананың жүктілігі қалыпты өтіп, баланың бір жасқа дейінгі күтімі дұрыс болса, гипербелсенді дегенді естімес едік» дейді балалар невропатолог-дәрігері Әлия Ізғалиева.

Кейбір жағдайда сабырлы балалардың арасында да кенеттен гипербелсенділік пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай отбасында орын алған жағымсыз, қайғылы жайттардың әсерінен туындайды. Сондықтан, мамандар бала тәрбиесінде отбасындағы жағымды энергетиканы барынша арттырып отыру қажеттігін баса айтады. – Ата-аналар тарапынан «балам таяққа да көнбейді, жасаған қылықтарына ұрысқан сайын қырсығып, өршеленеді» дегенді жиі естиміз.

Бұл ретте гипербелсенді балаларға жекіп, бір нәрсені баса талап етіп, қорқытып тәрбиелеуге болмайды. Тәрбиедегі мұндай әдіс-тәсілдер  оларға мүлдем жат. Мұны естіген баланың бойындағы энергия одан сайын өршелене түседі. Сөйтіп, «қиын» бала қалыптасып, түрлі бұзақылықтарға әуес болады. Сондықтан, гипербелсенді балаларға қашан да мейірімділік пен жылы сөз ауадай қажет екенін әрбір ата-ана естен шығармауы маңызды.

Гипербелсенділікті мақтау мен мадақтау арқылы ғана жолға қоюға болады.

Сондай-ақ, оларға «жоқ», «болмайды», «доғар» деген сөздерді қолданбай, баланың назарын мейірімділікпен басқа жаққа аударуды әдетке айналдырады. Бір сөзбен айтқанда, мұндай бала тәрбиесінде атаанаға үлкен шыдамдылық пен күш-жігер қажет, — дейді психолог Жадыра Аманғалиева.

Мамандардың айтуынша, гипербелсенділікті емдеуде тек дәрігер тағайындаған емдом жеткіліксіз. Отбасындағы балаға деген қолдау, атаананың мейірімі мен дене шынықтыру шаралары да біраз көмектеседі. Соның ішінде суда жүзудің пайдасы өте мол.

«Немерем жүре бастағаннан-ақ тынымсыз болды. Оны бір сәт те қараусыз қалдыруға болмайтын. Еш тыным таппауының салдарынан астында от жанып, су қайнап жатқан қазанды ұстап, күйген кезі де болды. Балабақшада тәрбиешісі тарапынан «дамыл таппай жүгіре береді» дегенді де жиі еститінбіз.

Үйде де, ойын алаңында да қараусыз қалдырудың өзі үрейлендіреді. Кейін дәрігерлік тексерістен өткізген соң, «гипербелсенді» диагнозы қойылды. Қазір дәрігер тағайындаған емді алып жатырмыз. Сонымен қатар, бассейнде ұдайы шынығу қажеттігі де айтылды. Дәрігердің ұсынысымен барлық ем-тәсілдерін жүргізудеміз. Баланың бойындағы ашу-ызаны басып, тыныштандыруда  бассейнде жүзгеннің пайдасы байқалуда» дейді біз тілдескен ата-ана Ақжүніс Өтеғұлова.

Ғылыми деректерге сүйенсек, мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге мүлдем болмайды екен. Мұны ғалымдар онсыз да тынымP.S. Негізінен гипербелсенді балалар ата-ана, педагог, дәрігер, қосымша үйірмедегі жаттықтырушысымен жан-жақты жұмыстың нәтижесінде алғыр және қиялы ұшқыр болып жетіледі.

Ең бастысы – гипербелсенділікті жай тентектік не еркелікке балап, есейе келе өзі қояды деген түсінікте болмау.

Яғни, бала назардан тыс қалмай, оның тәрбиесіне қол сілтемей, қолдау көрсетілуі шарт. Сонда ғана мұндай балалар арасында вундеркиндтердің де пайда болатынын ұмытпасақ игі. сыз баланы қызыл түс одан әрмен шабыттандырып, дене белсенділігі арта беретінімен түсіндіреді.

Ал, миы тынығып демалмаған адамда ми тежелісі орын алады. Сондайақ, баланың ойыншықтарына да назар аударуды ұмытпаған жөн. Психологтардың айтуынша, жағымсыз кейіпке енген ойыншықтардың орнын көңілді, мейірімді кейіпкерлермен алмастыру аса маңызды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

*Сіз не дейсіз?

  • Ақмарал ТӘТТІҒАЛИҚЫЗЫ, Атырау қаласындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі:

– Бүгінде мектеп оқушылары арасында гипербелсенді балаларды жиі кездестіреміз. Олар сабақ үстінде мұғалімге назар аударғысы келмейді. Сабақ жазғанда да асығыстық танытады. Оларды сабырлы етіп тәрбиелеу үшін түрлі үйірмелерге қатыстырған жөн. Мәселен, спорттық ойындар арқылы бойындағы орасан күш-қуатты шығару қажет. Сурет салу мен мүсін жасату өнері де жүйке жүйесін тыныштандырады.

Негізінен мұндай бүлдіршіндердегі күш-қуат қоры 13-14 жасқа дейін сейілмейді. Сондықтан, осы кезеңге дейін ата-анасы баланы жақсыға бағыттауы аса маңызды. Олардың тәрбиесіне бейжай қарап, құлықсыздық танытуға болмайды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button