Жарнама
Жаңалықтар"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!СарапTimeФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам

«Газетті жетілдіру – басты мақсат»

Бұл күнде газеттен гаджет озған заман болып тұрғаны рас. Алайда, ақпарат айдынында мерзімді басылымның өзіндік алар орны орасан, мүлдем бөлек. Шынайы ақпарат. Байыпты сараптама. Нақты тұжырым. Таңбаланған тарих. Секунд сайын жаңарып тұратын сайттардан газетті айрықшалап тұратын негізгі басымдық – осы.

Ғасырлық тарихы бар облыстық қос басылым мен жеті аудандық газет шығаруды табысты жүзеге асырып отырған «Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің межелі міндеттері, жаңашыл бастамалары аз емес. Осыған орай бүгінгі баспасөз саласы мен уақыт талабы, медианың мүмкіндіктері тақырыбында аталған холдингтің директоры Ысқақ Егембердиевпен кеңінен әңгімелескен едік.

– Ысқақ Дүйсембайұлы, баспасөзге жазылу науқаны қызып тұрған шақта сұхбаттасудың сәті түскен екен. Әңгімемізді осыдан бастасақ? Науқан қалай жүріп жатыр?

– Ғасырлық тарихы бар «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері — облыстың барлық аумағына тарайтын өңірдің бас басылымдары. Ал, тарихы тереңнен тамыр тартатын 7 аудандық газет те өңір өмірінің айнасы.

Бүгінде басылымдар заманауи D2 форматына көшіп, сапалық тұрғыда да, көркемдік тұрғыда да жаңа деңгейге шықты. 2020 жылы облыстық газеттердің жалпы таралымы 12 мың дана болды. Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған кезінде дәстүрлі медианың оқылымы күрт кемитіні заңдылық. Соған қарамастан, 2021 жылы қос басылымның жалпы таралымын 15 мыңға, 2022 жылға дейін 20 мыңға жеткізу көзделіп отыр.

– Бұл бағытта қандай нақты ісшаралар қолға алынуда? Өйткені, қазіргідей қиындау шақта бұқараға «газетке жазыл» деп айту да оңай емес сынды…

– Иә, оңай еме с. Қазір бұл мәселені шешудің бірнеше әдіст ә с і л і қ а р а с т ы р ы л ы п о т ы р . Біріншіден, баламалы жазылымды дамыту. Біз республикадағы бірден-бір тасымалдаушы оператор – «Қазпошта» АҚ-нан дербес, тәуелсіз тарату жолдарын ойластырдық. Оқырманның әр редакцияға тікелей жазылу арқылы газеттің өзіндік құнына «Қазпошта» қызметі үшін қосылатын 30% қаржыны үнемдеуге мүмкіндігі бар.

2020 жылдан бастап баламалы жазылым пилоттық режимде Махамбет және Индер аудандарында сәтті жүзеге асып, келешегі бар жоба екенін дәлелдеді. Келер жылы – Жылыой, Мақат аудандарында, ал 2022 жылы – Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай аудандарына енгізу көзделіп отыр. 2021 жылы баламалы жазылымның таралымын облыстық «Атырау» газеті бойынша 5000 данаға, «Прикаспийская коммуна» газеті бойынша 2500 данаға, ал аудандық басылымдар бойынша әрқайсысын 1500 данаға жеткізу межеленсе, 2022 жылы «Атырау» газеті – 8000, «Прикаспийская коммуна» – 5000, аудандық басылымдарды – 2000 данаға жеткізу жоспарланып отыр. Дегенмен, бұл әдісті дамыту «келешекте «Қазпошта» АҚ қызметінен біржола бас тарту» деген сөз емес, керісінше, екеуін қатар жүргізу арқылы газеттер таралымын көбейтуді көздейді.

– «Газеттің белгілі бір санын сатып алғым келеді» деп, редакцияға хабарласатын оқырмандар да аз емес. Бұл мәселе бұрын медиахолдингтің арнайы дүңгіршектері арқылы шешімін табатын. Мұны қайта жаңғыртуға мүмкіндік жоқ па?

– Соңғы жылдары үзіліп қалған газеттердің бөлшек саудасын «АтырауАқпарат» медиас ерікте стігінің фирмалық дүңгіршектер желісі арқылы қайта жандандыруды көздеп отырмыз.

Қалада адамдар көп жүретін 6 орында қойылады. Дүңгіршектер коммерциялық мақсатты көздейтіндіктен, «АтырауАқпарат» өнімдері мен газеттерін сатумен ғана шектелмейді. Тұтынушыны көбірек тарту үшін кофе, фастфуд, басқа да түрлі сусындар ұсынады. Осы өнімдердің бағасына облыстық газеттің құны да (бір данасы 60 теңге) қоса есептеліп, тұтынушының таңдауына қарай облыстық басылымдардың бірі тегін таратылады. С о н д а й — а қ , а т а л ғ а н с ауд а нүктелерінде серіктестіктен шығатын полиграфиялық өнімдер қойылып, жарнама қабылданады, баламалы жазылым да жүргізіледі.

– Онлайн төлем жасау тәртібі қалай болмақ?

– Бүгінгідей қым-қуыт заманда оқырмандардың газетке жазылу үшін арнайы «Қазпошта» бөлімшесіне барып, ұзақ-сонар кезек күтіп отыруға уақыты бола бермеуі мүмкін. Сондықтан, кезкелген тұрғынға жазылуды қашықтан ресімдеуге мүмкіндік беретін онлайн төлем жүйесін іске қосудың маңызы зор. 2021 жылдан бастап осы жүйені жүзеге асыру үшін «Қазпошта» АҚ-мен бірлескен түрде мобильді қосымша немесе электронды платформа дайындау қолға алынды.

– Қазір оқырмандарда дәстүрлі газет оқу дағдысы азайған. Ұялы телефон не компьютер арқылы жұмыс жасайды. Осынау замана көшіне ілесу үшін қандай тетіктер ойластырылған?

– Расында да, 35-40 жасқа дейінгі аудитория электронды басылымдарға әбден бауыр басып кетті. Келешекте осы санаттағы оқырмандар көбеймесе, азаймайтыны анық. Сол себепті нарық талабына сай облыстық, аудандық басылымдардың электронды нұсқасына жазыламын деушілерге техникалық тұрғыда дайын болған ләзім. Серіктестік atyrauaqparat.kz сайтында 2021 жылға арналған газет жазылымын электронды түрде жүзеге асыратын арнайы қызметті іске қосты. Бірақ бұдан «газет түгелдей электронды нұсқаға көшеді» деген ұғым туындамауы тиіс. Керісінше, газетті қағаз нұсқада жаздырып алушыларға қоса, қалың бұқараға күнделікті электронды пошта немесе гаджет арқылы жазылып оқуға мүмкіндік бердік. Бұл арзан, жедел әрі тиімді.

– Таяуда серіктестікке қарасты республикалық тарихи-танымдық «Сарайшық» журналының тұсауы кесілді…

– Иә, «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанынан әдеби-танымдық, та — рихи, мәдени-көпшілік журнал шығардық. Айына бір рет жарық көретін «Сарайшық» журналында негізінен Атырау қаламгерлерінің шығармаларына басымдық берілген. Бірақ тек атыраулықтар емес, журнал бетінде отандық және шетелдік ақын-жазушылардың еңбектері де қамтылып отыр. Келешекте де сол бағытты ұстаймыз.

– Серіктестіктің негізгі өнімі – мерзімді баспасөз, газет шығару ісі. Ал оны тартымды, оқылымды етудің жолы қандай?

– Кәсіпорынның негізгі міндеті – тұтынушыға сапалы мерзімді басылымдар және баспа өнімдерін ұсыну. Бұл бағытта да өзгеріс, жаңашылдықтар бар. Ең бірінші, материалды беру тәсілін өзгертуді қолға алдық. Бұрынғыдай салақұлаш баяндама немесе бір беттік материалдан гөрі, ықшам, әрі жинақы жазуға бет бұрдық. Әр тосын оқиға немесе жылт еткен жаңалықты, з а ң д ы л ы қ т а рд а ғ ы ө з ге р і с т е рд і мамандардың пікірімен толықтырып, инфографикамен әрлеу жолға қойылуда.

Сонымен қатар, аймақ өмірінің барлық саласын қамтуды да қалыс қалдырмауға тырысамыз. Оқиға орнынан жедел репортаждар ұйымдастырып, әр оқиғаны жалаң баяндаудан гөрі, кеңінен сараптауға мән берілуде. «Дөңгелек үстел» басында пікір алмасу алаңдарын қалыптастырып, редакцияға толассыз келетін оқырман хаттарына сергек көзқарас таныту – негізгі ұстанымдарымыздың бірі. Жаңа айдар, тың тақырыптар арқылы газет мазмұнын байытумен қатар, макет пен дизайнды да жетілдіру көзделіп отыр.

– М е д и а с а л а с ы н д а ғ ы жаңашылдықтарға орай серіктестік атқарып отырған жұмыстарға қысқаша шолу жасасақ…

 – Бүгінде серіктестіктің «Жаңа медиа» бөліміне қарасты 12 сайт және әр басылымның Facebook әлеуметтік желісінде парақшалары бар. 10 сайт – қазақ тілінде, 1 сайт – орыс тілінде, 1 сайт – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар таратады. Қазір серіктестікке қарасты сайттардың жалпы қаралымы тәулігіне 40 мыңды құрайды.

– Шығармашылық бағыттағы жалпы жоспардан қандай тың дүние көруге болады?

– Сан салалы жоспар жасақталды, барлық жұмыс соның негізінде ұ й ы м д а с т ы р ы л ғ а н . Е н д і о н ы ң нәтижесін уақыт көрсетеді. Жоспарға сәйкес серіктестік мемлекеттік және кәсіби мерекелер, атаулы күндерге орай деректі фильмдер циклын дайындаймақ. Әсіресе, алдағы жылы – Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл. Соған орай тарихтан сыр шертетін, 30 бағытты қамтитын қысқа бейнероликтер интернет ресурстар арқылы кең таратылмақ. Холдинг алдағы уақытта балалар мен жастар контентін дамытуды көздеп отыр. «Атыраудың жеті кереметі», «Мәлім де беймәлім Атырау» жобалары арқылы өңір тарихын таразылап, заманауи форматтағы қысқа роликтер дайындау жұмыстары басталды. Басқа да жоспарлы жұмыстар өте көп.

– «Атырау-Ақпарат» – кластерлі к е ш е н , ү л к е н к о р п о р а ц и я . Полиграфиялық өнімдердің сан түрі холдинг баспаханасында басылады. Ал, сату және маркетинг бөлімі де заманауи талаптар үдесінен шығуға тырысып келеді. Қазіргі деңгейі қаншалықты?

– Расында да, баспахана – облыстың газет басу нарығында көш бастап тұрған әлеуеті жоғары ең ірі нысан. Бүгінде «Orient Super» және «Star-30» офсетті баспа машиналарынан аптасына 170 000 дана, айына 680 000 дана газет басылады. Баспахананың толық күшінде жұмыс істеуі үшін және серіктестікке қосымша табыс түсіру мақсатында аймақтағы өзге облыстардың басылымдарын басу мүмкіндіктерін қарастыру міндеті тұр.

Мәселен, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының газеттерін басуға баспахананың материалдықтехникалық әлеуеті толық жетеді. «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспасынан еңбек ұжымдары мен жеке авторлардың кітаптары, журнал, кітапша, монография, оқу-әдістемелік құралдар, т.б. шығарылады. Жалпы, полиграфиялық өнімдерге тапсырыс әлемде болып жатқан пандемияға байланысты айтарлықтай азайып кеткені жасырын емес.

Дегенмен, алдағы жылдары мұндай жағдайды болдырмау үшін түрлі маркетингтік қадамдарды ұйымдастыруға күш салу керек. Атап айтқанда, 2021 жылдың қаңтар айынан бастап компания клиенттеріне түрлі «қызметтер пакетін» ұсына бастайды. Мәселен, шартты түрдегі «Старт» пакетінің ішіне визиткалар, фирмалық бланктер, қызметтік куәліктер, газеттерге PR мақалалар кірсе, «Бизнес» пакетіне логотиптер, баннерлер, газет пен сайтқа PR мақалалар кіруі ықтимал.

Осылайша әр пакетте сәйкесінше тиісті қызмет түрлері топтастырылады. Сату және маркетинг – мекеменің табыс әкелетін негізгі стратегиялық бөлімдерінің бірі. Бұл бөлім негізінен «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасында басылатын барлық полиграфиялық өнімдер, басылымдар мен кітаптарды сатумен, газеттер мен сайттарға жарнама тартумен, қызмет көрсетумен, мекеме брендін қалыптастырумен айналысады.

– Холдингтің маманмен қамтылу деңгейі қандай? Әсіресе, журналист кадрларды дайындау ісіне қатысты не айтар едіңіз?

– Облыста журналистер тапшылығы – өткір мәселе. Орталықтан шалғай орналасқандықтан, біліктілікті арттыру курстары мен тренингтер де сирек өткізіледі. Бәсекелестік орта әлсіз. Сол себепті кадр даярлау және біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Серіктестіктегі негізгі еңбек өндірісінің үлесі журналистерге тиесілі екені анық. ХХІ ғасыр ақпарат заманы болғандықтан, тұтас медиа саласына жаңа көзқараспен қарауды талап етіп отыр.

Мәселен, соңғы жылдары Батыс елдерінде конвергенциялық журналистиканың қарқынды дамуы байқалады. Әр журналист тек мәтін жазып қана қоймай, суретке түсіре алатын фотограф, видеоға түсіре алатын оператор, өңдей алатын монтаждаушы, бет құратын дизайнер секілді әмбебап қасиеттерді игерсе, нарық сұранысына ие болмақ. Бұл үрдіс ерте ме, кеш пе, біздің елімізге де келеді. Сондықтан редакциялардағы жас буын журналистерді қазірден бастап әмбебаптыққа бейімдеп, қажет болса оқыту ісіне кешенді кірісуді көздеп отырмыз.

Бұл бір жағынан облыс журналистикасының кәсіби, сапалы мамандармен толығуына және бәсекелестіктің артуына мүмкіндік туғызады. Танымал медиатренерлерді шақырып, журналистиканың заманауи трендтерін үйрету, онлайн форматта курстар ұйымдастыру қолға алынды. Мұны болашақта да жалғастыра береміз.

Ал, жас мамандарды даярлау мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің журналистика кафедрасымен бірлесіп, «АтырауАқпарат» жанынан құрылған медиа мектеп жұмысынан күтілер нәтиже көп.

– Қызметкерлерден жұмыс сап а с ы н т а л а п е т у м е н қ ат а р , қолайлы орта, тиімді бос уақытын ұйымдастыру сынды тетіктер де қарастырылған. Осы тұрғыдағы жұмыстар болашақта қай бағытта өрістейді?

– Серіктестіктің бас ғимараты орналасқан аумақта футбол алаңы жасақталды. Бұл – қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылдануына керемет мүмкіндік. Оған қоса, қызметкерлерді көтермелеп, ынталандыру мақсатында «Үздік мақала», «Үздік дизайн», «Үздік қызметкер» аталымдары бойынша ай сайын үздіктерді анықтап, материалдық ынталандыру дәстүрге енгізілді. Облыс әкімдігінің қолдауымен б ө л і н г е н қ ы з м е т т і к п ә т е р л е р с е р і к т е с т і к т е г і т ұ р ғ ы н ү й комиссиясының шешімімен баспанаға аса мұқтаж 3 қызметкерге берілді.

Сондай-ақ, еңбек өтілі мен ұжымның дамуына қосқан ерекше үлесі ескеріле отырып, 2 қызметкерге 1 000 000 теңгенің сертификаттары табысталды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметі қайта жанданып, қыркүйек айында 6 қызметкерге шипажайға жолдама және көп балалы немесе жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен, сонымен бірге балалары биыл І сыныпқа баратын отбасыларға материалдық көмек көрсетілді. Қызметкерлерді қолдау бағытындағы мұндай жұмыстарда ешқашан кідіріс болмайды, келешекте жалғасын табады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан: Гүлжан ӘМІРОВА

Медиасеріктестіктің офсетті баспа машиналарынан аптасына 170000 дана, айына 680000 дана газет басылады.

Облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бүгінгі таралымы – 12 мың дана

  • 2020 жылдан бастап пилоттық режимде Махамбет, Индер аудандарында қолға алынды
  • 2021 жылдан – Жылыой, Мақат аудандарында
  • 2022 жылдан – Құрманғазы, Қызылқоға, Исатай аудандарына енгізіледі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button