Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Газетті гаджет алмастыра алмайды

Atr.kz/3 қараша, 2020 жыл. Кез-келген басылымның арқасүйері мәртебелі оқырман екені белгілі. Биыл да жылдағы дәстүр жалғасын тауып, баспасөз науқанына байланысты «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев, облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің Бас редакторлары Назарбек Қосшиев пен Нәсіп Шалабаева Махамбет ауданының тұрғындарымен кездесті.

Аудан әкімдігінде өткен жиынның негізгі мақсаты – оқырмандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, жаңалық жаршысы – аудандық, облыстық баспаматериалдарының сапасын арттыру.

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің құрамында елдің мұңын тыңдап, жоғын жоқтайтын екі облыстық және жеті аудандық газет бар. Серіктестік директоры медиахолдингте жасалып жатқан жұмыстар, жаңа жобалар туралы жиынға қатысушыларға кеңірек айтып берсе, аудан әкімінің орынбасары Света Аманшиева жергілікті баспасөзге оң баға беретіндігін жеткізді.

Басқосуға қатысушылар да өз ойларымен бөлісті. Газет бетінде мәселелер жиі көтерілу керектігін, тек аудан деңгейінде ғана емес облыс, республикалық деңгейде көтеру қажеттігін жеткізді. Ал «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Баян Сүйеуова балама жазылудың жүзеге асу барысын, тиімділігін баяндады.

— «Жайық шұғыласы» газетінің өткен санындағы аудандық аурухананың мәселесі жақсы көтерілді және мұны қолдау керек. Себебі, денсаулық және білім саласын, яғни аурухана, балабақша мен мектепті орталықтандыруға қарсымыз. Өйткені жергілікті бюджеттен ақша бөлінбесе, қолымызда ешқандай құзыреттілік болмайды,- деді Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мажиев.

img 20201103 wa0126

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button