ЖаңалықтарҚоғам
Ганюшкин ауылында зағип жандарға арналған бөлме ашылды (ФОТО)
«Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 80 жылдық мерейтойына орай Ганюшкин ауылында аталмыш ұйымның аудандық филиалына арналып бөлме ашылды.
Салтанатты шараға аудан әкімі Бибоз Шаяхметов қатысып, бұл бөлмеге зағип жандар келіп мұң-мұқтажын айтуға, өзара пікірлесуге мүмкіндіктері болатынын мәлімдеп, игілікті бастаманың баянды болуын тіледі.
Ал, Құрманғазы аудандық соқырлар қоғамының төрағасы Қайрат Қайыров, мүгедек жандардың қамқоршысы болып, сауабы мол іске атсалысқан аудан басшысына және ізгілікті жұмысқа қол ұштарын созған барша азаматтарға зор ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, жаңадан ашылған зағиптар бөлмесі төраға мен оның хатшысына арналған жұмыс үстелімен және өзге де қажетті құрылғылармен жабдықталған.
Айнагүл Шакупова