Жарнама
Жаңалықтар

Ғалымдар 80 жылдан кейін адамның дене пішімі қандай болатынына болжам жасады

Atr.kz/14 қаңтар, 2020 жыл.   Американың Maple Holistics компаниясы мен Толедо университетінің антропологтары адамдардың 2100 жылы қалай өзгеретінін көрсетті.

Олар адамның виртуалды үлгісін әзірлеп, оған «Минди» деген ат берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ sb.by-ға сілтеме жасап.

Ғалымдардың айтуынша, бүгінде адамдар үнемі гаджеттерді пайдаланатындықтан және көп жағдайда бір қалыпта отыратындықтан, олардың дене келбетінде біршама өзгерістер пайда болады екен.

Мысалы адамдардың арқа тұсында өркеш сияқты бүкір дөңес пайда болуы мүмкін дейді мамандар. Соның салдарынан тіпті адамдардың мойны да өзгеріске ұшырайды екен. Яғни олардың мойын омыртқасы қысқарып, жалпақтанатын көрінеді.

Сол сияқты гаджеттерді үнемі қолданғандықтан, адамдардың қолындағы жұдырығы да өзгереді екен. Олар қазіргіге қарағанда жалпақ бола түспек. Мамандардың сөзінше, қол сүйектері баяу қозғалып, тек саусақтар ғана жиі қимылдайтын күйге түседі екен.

Сонымен бірге зерттеушілер адамдарда қимылқозғалыс көп болмайтындықтан, олардың миын да біршама өзгеріс орын алатынын болжап отыр. Олардың пайымынша ми көлемі азайып, бас сүйегінің қалыңдай түспек. Бұл өз кезегінде миды түрлі техниканың вибрациясынан қорғауға мүмкіндік бермек.

Гаджеттердің әсерінен адамдардың көзі де өзгеруі мүмкін. Көздің көру қабылетін сақтап қалу үшін, көз үстінде тағы бір қабақ пайда болуы мүмкін дейді ғалымдар.

Айта кетейік бұған дейін қан қысымын төмендететін ең пайдалы шырын туралы жазған едік. Ғалымдардың пайымдауынша, мұндай шырынға итбүлдірген шырыны жатқызылған.

mindi 3

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button