img 0046 scaled

ФОТОАЙЫПТАУ: Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі НАЗАРЫНА!

Жаңалықтар Нысана ФОТОГАЛЕРЕЯ Шаһар шырайы Қоғам

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Атырау қаласының ажары күн санап айшықтала түскендей. Заманауи инфрақұрылымдар халық игілігіне айналған.

Жақында ғана пайдалануға берілген Жайық өзені жағалауындағы әсем саябақ тұрғындарға жайлы демалыс сыйлайды. Дегенмен, қала көшелерінде, тіпті тұрғын үйлердің жертөлелері, жағалаудағы жүргінші жолдарында иесіз ит пен мысық көбейіп кетті. Олар иттігін жасап, адамдарға тарпа бас салмасына кім кепіл? Бұндай бейбастақ иттерге қой дейтін қожайын бар ма екен?

  • Қаладағы тазалық мәселесінде олқы тұсымыз аз емес. Қоқыс жәшіктерінің барлығының беті ашық күйде жатады. Тұрмыстық қалдықтарға лық толып, шашылып жатқан осы контейнерлердің айналасы уақытында тазаланбайды. Олардың маңайында қаңғыбас ит пен мысық жүруші еді, бұл жолы төрт түліктің төресі – жылқылардың жүргені назарға ілікті.

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

img 9680
img 0110
img 9658
img 9676

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған