ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯШаһар шырайыҚоғам
ФОТОАЙҒАҚ: Тентектер таптаған бақ
Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. Мұнайлы шаһарда вандализм көріністері аракідік орын алып отырады. Солардың біріне жуырда «Атырау» газетінің тілшісі де куә болды.
Жалпы, көпшіліктің көп жүретін сүйікті демалыс орны – Жеңіс саябағының сырт келбетін бұзатын жайттар жиі кездесіп тұрады. Тұрғындар қалашығындағы жол-жөнекей және бетон қоршауларға жазылған балағат сөздер мен ұятты суреттерден көз сүрінеді. Ал, Жеңіс бағындағы қоршауды қай тентектің талқандағаны белгісіз. Сондай-ақ, иесіз ит-мысықтардың тамақтануы үшін қойылған әп-әсем құрылғыны бәзбіреулер жасыл алаңға лақтырып тастаған.
Мұратбек ЖАҢАБАЙ
Суреттерді түсірген автор