Ежелгі жəдігерлер тарихы

snimok 3 Жаңалықтар

Атырау өңірі – табиғи пайдалы қазбаларымен ғана емес, әртүрлі қайталанбас табиғи ландшафтарға бай өлке. Оның аппақ таулы бор қыраттары табиғаттың қайталанбас ғажайып туындысы. Мұндай көрініс Құлсары қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Ақкерегешың және Ақтөбе облысымен шекаралас жатқан Ақтолағай қыраты.

Көкке мойнын созған а қ қ ұ з д а р д ы ң , я ғ н и б о р қыраттарының сұлулығы ерекше көз тартады. Ақ таулардың тізбегі айналасына аппақ нұр шашып тұрғандай əсер қалдырады. Ал кеш түсе кемпірқо сақ тəрізді түрлі-түрлі түске боялады. Əсіресе, көктемде, айнала дала гүлдеріне толған шақта, бұл жердің əсемдігі көз тойғысыз. Таулардың етегінен басқа өңірлерде кездеспейтін алуан түрлі өсімдіктерді көруге болады. Атырау жəне Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан борлы үстірт бір кездері теңіздің түбі болған. Сондықтан дəл осы жерлерде тасқа айналған ұлулар, сегізсəулелі маржандар, теңіз кірпілері, медузалар, құрттар, моллюсканың түрлері жəне басқа да ондаған миллион жыл бұрын тіршілік еткен теңіз фаунасының көптеген қалдығын табуға болады. Ежелгі акулалардың, ихтиозаврлар мен плезиозаврлардың сүйектері мен тістері, бүгінде табиғатқа беймəлім өсімдіктердің қалдығы, тасқа айналған ағаштар – бұл сан алуан түрлерді тізбектеп өту мүмкін емес. Бұл бұрын осы жерде қайнаған тіршіліктің болғандығын аңғартады.

Сол кезеңде тіршілік еткен жануарлардың тасқа айналған қазба қалдығы облыстық тарихиөлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесінің экспозициясынан орын алған. Музейдің аталған бөлімшесі Қазақстандағы жер қабатының тарихи-геологиялық кезеңін, мезозой кезеңінде тіршілік еткен жануарлар əлемін зерттейтін бірден-бір палеонтологиялық орын. 2003 жылы құрылған палеонтологиялық бөлімшеде жинақталған жəдігерлердің бірегейлігіне, құндылығына əлемдегі көптеген музейлер қызыға алады. М ұ н д а а к у л а л а р д ы ң , скаттардың тістері, тасқа айналған плезиозаврлар мен ихтиозаврлардың сүйектері, омыртқалары, қосжақтаулы, бауыраяқты, қармалауышты жəне басаяқты ұлулар, тікентерілілер тобының өкілдері, ежелгі балықтардың омыртқалары, жүзбеқанаттары, құйрықтары, тасқа айналған ағаш бөліктері, жалпы саны 8000-ға жуық жəдігер жинақталған. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің 80 жылдығына орай музейдің жəне музей бөлімшесінің қорларындағы ас а құнды жəдігерлерден Палеонтологиялық коллекция ғылыми каталогы қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жарық көрді. Ғылыми каталогта музейде жинақталған палеонтологиялық жəдігерлер ко л л е к ц и я л а р ы т ү г е л д е й қамтылып, 314 жəдігер енгізілді. Каталогты дайындау барысында əрбір палеонтологиялық жəдігерлерге жан- жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың мерзімделуі, материалы, техникасы, өлшемі, есептік белгісі жəне ғылыми анықтамасы жазылып, сипаттамалар берілді. Оның нəтижесінде ғылыми зерттеумен айналысатын мамандарға арналған жинақ баспадан жарық көрді. М ұ н д а ғ ы к е й б і р жəдігерлердің ерекшеліктерін «Атырау» облыстық қоғамдықсаяси газеті арқылы көпшілікке таныстыруды да жөн көрдік. Девон кезеңінде тіршілік еткен басаяқты моллюскілер класына жататын өліп біткен омыртқасыз жануарлар отрядының бірі – аммониттер. Олар өз атауын ежелгі иректелген мүйізді египет құдайы Аммонның құрметіне алған. Олардың бақалшағы гетероморфты жəне мономорфты болып келеді. Бақалшағы бірнеше камераға бөлінген. Аммониттердің көп бөлігі нетон тобына жатады, яғни су түбінде еркін қозғалады. «Аммонитос» латынша ғылыми атауын 1789 жылы француз зоологы Жан Брюгье берген. Олар динозаврлармен қатарласып, борпалеоген дəуірінде жойылып кеткен. Ал белемниттер – басаяқты моллюскілер класына жататын, өліп біткен омыртқасыз жануарлар отряды. Тас көмір кезеңінен бастап палеогенге дейін теңізде тіршілік еткен. Қазбадан т абылған белемниттердің қармақша иілген 5 жұп аяқтары, суда жүзуге бейімделген үлкен көзі, сіңір жақтары, қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция бездері, жұмсақ денесінің ішінде фрагмокон, проостракум жəне ростр деген 3 бөліктен тұратын бақалшағы болған. Олардың қазба қалдықтары Қазақстанның Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Атырау облыстарынан да табылған. Теңіз кірпілері əдетте, теңіз түптерінде немесе соған жақын жерлерді мекендейді. Олардың денелері дөңгелек, жүрек жəне жұмыртқа пішінді болады. Тұла бойын ұзын қимылдайтын тікенектер қаптап тұрады. Түстері қоңыр, қара, күлгін, жасыл, ақ немесе қызыл болуы мүмкін. Бұл инетерілілердің су түбіне қарап тұратын ауыз қуыстары қозғалмалы бунақталған тістер мен бұлшықеттерден құралған. Олар су балдырларымен, теңіз жұлдыздарымен жəне басқа да органикалық заттармен қоректенеді.

Эльбина МҰХАМБЕТҚАЛИЕВА,

облыстық тарихиөлкетану музейіне қарасты

палеонтология бөлімшесінің маманы

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз