f953292594c3d826ba9a7d78ef4123dd L

Мектептегі ас мәзірі сапалы, әрі нәрлі ме?

Жаңалықтар Қоғам

Бала денсаулығының негізгі көрсеткіші –  дұрыс тамақтану. Соның ішінде мектеп оқушыларының сабақ кезінде сапалы, әрі уақытылы тамақтануының маңызы зор. Албіздегі білім ордаларының ас мәзірі қандай? Асханалардың тағамдық  рационы белгіленген талапқа сай ма?

f953292594c3d826ba9a7d78ef4123dd_L

Бұл мәселе жайында жуырда Парламент Сенатының Әлеуметтікмәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Депутат мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және саламатты болуы қажеттігін алға тартты. Өйткені, ағзаның  қалыптасуы кәмелеттік жасқа толғанға дейін жүзеге асады.

«Соңғы уақытта жеке кәсіпкерлер қызмет көрсететін мектеп асханаларындағы ас мәзірі талапқа сәйкес келмейді. Тағамды технологиядан ауытқып әзірлейді, есептен алдау және кем өлшеу фактілері орын алады. Бұл салада жұмыс тәжірибесін жинақтап үлгерместен мектептегі тамақтануды ұйымдастырушы жыл сайын  ауысып тұрады. Нәтижесінде оқушылардың асханалардағы сапасыз тамақтан улану жағдайы жиі кездесуде», – дейді Б.Әйтімова.

Осыған орай облыстық білім беруді бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиевке хабарластық. Оның айтуынша, департамент мамандары аймақтық кәсіпкерлік палатасы өкілдерімен бірге мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды қадағалау бойынша биылғы соңғы зерделеу 29 маусым – 5 шілде аралығында жүргізілді. Зерделеу барысында Атырау қаласындағы, Исатай, Махамбет және Индер аудандарындағы мектептердің әкімшілігімен және жергілікті басқару органдарының өкілдерімен кездесу өтті.

«Былтырғы оқу жылында жалпы білім беретін 182 мектептің 180-інде ыстық тамақ бар. Атырау қаласында екі мектепте ыстық тамақ берілмейді (кешкі мектеп пен қалалық лицей). Мектептерде 168 нысан асхана, 12-сі буфет негізде жұмыс жасайды. Бастауыш сыныптағылар мен  әлеуметтік аз  қамтылған отбасы балаларын қосқанда барлығы 61703 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды», – дейді Сатқан Есенғалиев.

Шұбат пен қымыз берілсе

Бүгінде білім ордаларындағы асханалар кәсіпкерлерге жалға берілген. Бұл орындарда білім алушылардың сапалы тамақтануы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуде құзырлы органдармен үш жақты меморандум жасақталды. Соған сәйкес жеке кәсіпкер екі апталық ас мәзірін жасақтап, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының келісімімен бекітуі қажет. Айына бір рет өндірістік бақылау жүргізіп, күндік тамақ сынамасын қалдыруға, тамақ сапасын ата-аналар комитеті мүшелері, мектептің медицина қызметкері қадағалап отыруы тиіс. Бірақ, білім нысандарында құрылған бракераждық комиссиялардың өз жұмыстарын нақты жүргізбей отырғаны анықталды.

– Мектептердегі тамақтандыруды облыс көлемінде 2-3 жеке кәсіпкер ұйымдастыруда. Ыстық тамақ бағасы бір оқушыға 220-250 теңгені құрайды. Тамақтың сапасына бракераждық комиссияның ақпараттары бойынша қанағаттанарлық деген баға берілді. Сондай-ақ, жергілікті басқару органдарының  өкілдері бұл соманы өте төмен баға деп сараптады. Бұдан басқа, тамақтың сапасына ескертпелердің де бары рас. Атырау облысы өкпе ауруының тәуекел зонасында тұрғанын ескеру қажеттілігі айтылды. Сондықтан, бұл аурудың алдын алу жолында балаларға шұбат беру мәселесі қарастырылғаны жөн. Ал, бір реттік ыстық тамақтың бағасын 500-600 теңгеге дейін көтеру қажет, – деген білім беруді бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев бұл ұсыныс құзырлы органға жолданғанын жеткізді.

Дұрыс тамақтануденсаулық кепілі

Мектептегі дұрыс тамақтануға байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов та өз ұсыныстарын жеткізді.

«Заң талаптарындағы белгіленген ерекше тәртіппен биыл 46 ас блогі тексерілді. Тексеріс барысында бала денсаулығына зиянды газдалған сусындар, кириешки, чипсы секілді тағамдар кездеспеді. Дегенмен, ас мәзірі сапалы болғаны жөн. Мектепте жаз-күз, қыс-көктемге арналған маусымдық екі апталық мәзір жасалады. Оны әзірлеуде оқушылардың жас санаты ескеріліп, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу көзделеді. Аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі екі-үш күнде қайталауға жол берілмейді», – дейді Ерболат Инаматұлы.

Мамандардың айтуынша, күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай, бидай наны, көкөністер мен қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі жеті күнтізбелік күнде бір рет беріледі. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінеді. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарындағы тізіммен сай келуі тиіс. Бүгінде мектептердегі тамақ құндылығы мен сапасын анықтау мақсатында құзырлы орган өкілдері алған сынамалар тексерілуде.

Тақырыпқа тұздық

Марианна ГУРИНА, «Ұлағатты жанұя» қорының президенті:

– Мектеп асханасы бүгінде бизнес көзіне айналып барады. Әрине, пайда табу компаниялар үшін қажет. Бірақ, бұл жағдайда коммерциялық көзқарастан гөрі болашақ ұрпақтың денсаулығына көбірек алаңдаған дұрыс. Тіпті төменгі сынып оқушыларына арналған сапалы тамақ 300-400 теңгелік бюджетке сай келмейді. Мемлекет тиісті тамақтануды ұйымдастыру және оны тиімді бақылауды қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлу тәжірибесін қайтаруға тиіс. Балаларды емдеуден гөрі, дұрыс тамақтандыру арзанырақ,  әрі маңызды емес пе?

Бала денсаулығының негізгі көрсеткіші –  дұрыс тамақтану. Соның ішінде мектеп оқушыларының сабақ кезінде сапалы, әрі уақытылы тамақтануының маңызы зор. Албіздегі білім ордаларының ас мәзірі қандай? Асханалардың тағамдық  рационы белгіленген талапқа сай ма?

Бұл мәселе жайында жуырда Парламент Сенатының Әлеуметтікмәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Депутат мектеп оқушысының тамақтануы рационалды және саламатты болуы қажеттігін алға тартты. Өйткені, ағзаның  қалыптасуы кәмелеттік жасқа толғанға дейін жүзеге асады.

«Соңғы уақытта жеке кәсіпкерлер қызмет көрсететін мектеп асханаларындағы ас мәзірі талапқа сәйкес келмейді. Тағамды технологиядан ауытқып әзірлейді, есептен алдау және кем өлшеу фактілері орын алады. Бұл салада жұмыс тәжірибесін жинақтап үлгерместен мектептегі тамақтануды ұйымдастырушы жыл сайын ауысып тұрады. Нәтижесінде оқушылардың асханалардағы сапасыз тамақтан улану жағдайы жиі кездесуде», – дейді Б.Әйтімова.

Осыған орай облыстық білім беруді бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиевке хабарластық. Оның айтуынша, департамент мамандары аймақтық кәсіпкерлік палатасы өкілдерімен бірге мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыруды қадағалау бойынша биылғы соңғы зерделеу 29 маусым – 5 шілде аралығында жүргізілді. Зерделеу барысында Атырау қаласындағы, Исатай, Махамбет және Индер аудандарындағы мектептердің әкімшілігімен және жергілікті басқару органдарының өкілдерімен кездесу өтті.

«Былтырғы оқу жылында жалпы білім беретін 182 мектептің 180-інде ыстық тамақ бар. Атырау қаласында екі мектепте ыстық тамақ берілмейді (кешкі мектеп пен қалалық лицей). Мектептерде 168 нысан асхана, 12-сі буфет негізде жұмыс жасайды. Бастауыш сыныптағылар мен  әлеуметтік аз  қамтылған отбасы балаларын қосқанда барлығы 61703 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды», – дейді Сатқан Есенғалиев.

Шұбат пен қымыз берілсе…

Бүгінде білім ордаларындағы асханалар кәсіпкерлерге жалға берілген. Бұл орындарда білім алушылардың сапалы тамақтануы мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуде құзырлы органдармен үш жақты меморандум жасақталды. Соған сәйкес жеке кәсіпкер екі апталық ас мәзірін жасақтап, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының келісімімен бекітуі қажет. Айына бір рет өндірістік бақылау жүргізіп, күндік тамақ сынамасын қалдыруға, тамақ сапасын ата-аналар комитеті мүшелері, мектептің медицина қызметкері қадағалап отыруы тиіс. Бірақ, білім нысандарында құрылған бракераждық комиссиялардың  өз жұмыстарын нақты жүргізбей отырғаны анықталды.

– Мектептердегі тамақтандыруды облыс көлемінде 2-3 жеке кәсіпкер ұйымдастыруда. Ыстық тамақ бағасы бір оқушыға 220-250 теңгені құрайды. Тамақтың сапасына бракераждық комиссияның ақпараттары бойынша қанағаттанарлық деген баға берілді. Сондай-ақ, жергілікті басқару органдарының өкілдері бұл соманы өте төмен баға деп сараптады. Бұдан басқа, тамақтың сапасына ескертпелердің де бары рас. Атырау облысы өкпе ауруының тәуекел зонасында тұрғанын ескеру қажеттілігі айтылды. Сондықтан, бұл аурудың алдын алу жолында балаларға шұбат беру мәселесі қарастырылғаны жөн. Ал, бір реттік ыстық тамақтың бағасын 500-600 теңгеге дейін көтеру қажет, – деген білім беруді бақылау департаментінің басшысы Сатқан Есенғалиев бұл ұсыныс құзырлы органға жолданғанын жеткізді.

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Мектептегі дұрыс тамақтануға байланысты облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ерболат Уайсов та өз ұсыныстарын жеткізді.

«Заң талаптарындағы белгіленген ерекше тәртіппен биыл 46 ас блогі тексерілді. Тексеріс барысында бала денсаулығына зиянды газдалған сусындар, кириешки, чипсы секілді тағамдар кездеспеді. Дегенмен, ас мәзірі сапалы болғаны жөн. Мектепте жаз-күз, қыс-көктемге арналған маусымдық екі апталық мәзір жасалады. Оны әзірлеуде оқушылардың жас санаты ескеріліп, витаминдік-минералдық кешенмен байытылған тамақ өнімдерін енгізу көзделеді. Аспаздық өнімдерді бір күнде немесе келесі екі-үш күнде қайталауға жол берілмейді», – дейді Ерболат Инаматұлы.

Мамандардың айтуынша, күн сайын тамақтану рационына ет, сүт, сары май және өсімдік майы, қара бидай, бидай наны, көкөністер мен қант енгізіледі. Балық, жұмыртқа, ірімшік, сүзбе, құс еті екі жеті күнтізбелік күнде бір рет беріледі. Тамақ ішетін залда мектеп басшысы бекіткен мәзір ілінеді. Онда тағамдардың атауы, әр дайын тағамның шығымы көрсетіледі. Мәзірде көрсетілген тағамдар мен аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинақтарындағы тізіммен сай келуі тиіс. Бүгінде мектептердегі тамақ құндылығы мен сапасын анықтау мақсатында құзырлы орган өкілдері алған сынамалар тексерілуде.

P.S. Қалай десек те мектептегі бала тағамы қуатты, нәрлі болуы қажет.  Демек, мектеп асханасын бір жүйеге келтіріп, әр балаға тағамға бөлінген қаржы көлемін  ұлғайтқан жөн болар еді. Өйткені, ұрпақтың денсаулығы бәрінен қымбат, әрі маңызды!

 

Алтыншаш Құрмашева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған