Жарнама
Жаңалықтар

Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылмақ

ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Осылайша биыл 27 мамырдан бастап «SCAT» қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер «Boeing 737» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады.

Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button