ASTANA HUB-ТА С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДІГІ АШЫЛДЫ

9c69c9e3 8060 4088 b1d5 eb4da7c475c5 Жаңалықтар

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Astana Hab-та С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасындағы ҚР Энергетика министрлігінің технологиялық құзыреттердің салалық Орталығы ашылды.

Бұл Орталық – технологиялық тенденциялар, ағымдағы жағдайды бағалау, нарық қажеттіліктері, басымдықты анықтау, сараптама, кеңес беру, оқыту жұмыстарын іске асыруға бағытталған. Жоба аясында идеялар мен ұсыныстар банкі, сарапшылар мен мамандар пулы құрылады. 

Еліміздің энергетика саласындағы инновацияларды, ғылымды және цифрландыруды тиімді дамыту мақсатында барлық мүдделі тараптардың – мемлекеттік органдардың, бизнес, ғылым, білім және қоғам өкілдерінің арасындағы өзара байланыстың дәнекері болады. 

4d421ba2 8234 49c5 9362 8f8646233020

Бұл бізге жаңа білімді генерализациялауға, жаңа мамандықтар/біліктілік бойынша мамандарды сертификаттауға, кәсіпорын кадрларын қайта даярлауға, шетелдік жұмыс күшін отандық кадрлармен алмастыруға мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылу салтанатында С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликова бұл бастама энергетика саласындағы технологиялық инновациялар бойынша сараптамалық қолдау көрсетуге арналғанын атап өтті. Цифрландыру жобаларын сарапшылық сүйемелдеу және «болашақтың мамандықтары» бойынша эксперименттік білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмысы жүзеге асады. Еліміздің энергетика саласының технологиялық картасын жасау, озық технологиялар тұрғысынан кеңес беру де осы Орталық қызметінде көрсетілген. 

643ad1a8 550e 463f 9e27 47da7b202ace

Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркі Қазақстандағы технологиялық стартаптарды дамытуға және инновациялық мәдениетті жетілдіруге бағытталған. Университет базасындағы Орталықтың Astana Hab-та орналасуы Хаб экожүйесін дамытуға және мұнай-газ саласында ІТ-компаниялармен кәсіби диалог орнатуға, жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететініне сенімдіміз. Алдағы уақытта халықаралық технологиялық паркпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру да  жоспарланып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз