Еуроаймақтағы экономика қалпына келе ме?

Халықаралық валюта қорының иелік етуші-директоры Кристин Лагардтың ескертуінше, еуроаймақтағы тұралаған экономиканы қалпына келтіруге қатер төндірер құбылыстың бірі дефляция болып табылуы ықтимал. Бұл туралы Давоста өткен дүниежүзілік экономикалық форумның аяқталар сәтінде мәлімдеді.

Аймақты экономикалық тұрғыдан сауықтырудың барлық белгілері байқалғанына қарамастан, бұған кері әсерін тигізердей әлеуетті қатерлердің барын да жоққа шығаруға болмайды. Қор басшысының пікірінше, мұндай қатерлі жағдайлардың қатарында еуроаймақтағы инфляция деңгейінің 0,8 %-ды құрап, Еуропа Орталық банкінің жоспарлағанына сәйкес келмей тұрғандығын айтсақ та жеткілікті көрінеді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз