Жарнама
Жаңалықтар

Еуразиялық медиафорумда кәсіби журналистика мен әлеуметтік желінің рөлі талқыланды (+ВИДЕО)

Аtr.kz/24 мамыр, 2019 жыл. Жақын болашақта дәстүрлі медиа нарық жарнамадан айырылады. Алматыда өтіп жатқан 16-шы Еуразиялық медиафорумда Salem Social Media жобасының жетекшісі Александр Аксютиц осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, заман ағымына қарай әлеуметтік медиа нарық пен түрлі интернет хостингтер алдыға шығып барады. Алдағы онжылдықта телеарналарды асырап отырған жарнама нарығының 70 пайызын әлеуметтік желі бағындырады. Қазір бұл үлес шамамен 30 пайыз көлемінде. Яғни, интернет хостингтер бұл нарықтың үштен біріне иелік етіп үлгерген. Ал белгілі саясаттанушы Талғат Қалиев мемлекеттік басқару аппараты қазір әлеуметтік желідегі халықпен санасуға мәжбүр болып отырғанын айтады.

Талғат ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ :

Халық пен билік арасындағы қарым-қатынас, бүкіл ақпарат құралдарының миссиясы өзгер іп келеді, оларға блогерлер де қосылып жатыр, ертең газет, телеарна керек пе, керек емес пе? Өйткені араларында тікелей әкімге де, депутатқа да, тіпті президентке де жазуға болады. Фейсбук арқылы байланысып, сұрақтарды шешуге болады. Медианың миссиясы қандай болады. Осы өзгерістерге глобалдық модель арқылы қарау керек. Себебі жеке-жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмаймыз.

Дереккөз: astanatv.kz/kz/news/48597/


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button