Жарнама
Жаңалықтар

“EtnoAlem” оқу орталығы өз жұмысын аяқтады

Этносаралық келісімді, бейбітшілік пен достықты нығайта отырып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттау мақсатында жүзеге асқан жоба өңірдің түрлі этнос өкілі болатын 230-дан астам адамды қамтыды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 2857

Еске салсақ, биыл шілдеде «Атырау қаласындағы этнос өкілдеріне арналған үйірмелер мен секциялар ұйымдастыру» жобасы аясында EtnoAlem оқу орталығы ашылған еді.

Орталық 6 бағытта жұмыс істеді. Мұнда келген этнос өкілдері құрақ құрау, киіз басу, қазақ күресі, дәстүрлі ән, садақ ату және домбыра үйірмесіне қатысты. Сабақтарда теориялық мазмұнға қарағанда, практикалық жұмыстарға басымдық берілді.

img 2853

-Өңірдегі түрлі этникалық топты қазақ халқының ұлттық мәдениетімен сабақтастыруды көздеген жобаға қызығушылық танытушылардың саны артты, — деді Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мәншүк Маменова.

img 2854

EtnoAlem жобасына отбасымен бірге қатысқан өзге ұлт өкілдері де бар. Солардың бірі, Михаил мен Фаина. Олар төрт ай бойы домбыра үйірмесіне қатысып, нәтижесінде күйші Құрманғазының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқымын» шертіп үйренген. Ал киіз басу үйірмесінде Анастасия Лишенко жүнмен жұмыс істеу техникасын меңгерсе, оның қызы Злата дәстүрлі ән айтады.

Айта кетейік, аталған орталық өз жұмысын шілде айында бастап, қараша айында аяқтады.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button