Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

ЕСКІ ТЕҢГЕНІ НЕГЕ ҚАБЫЛДАМАЙДЫ?

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Қазір дүкендерде, жанармай құю бекеттері, өзге де сауда орындарында ескі 1 мың теңгені ала бермейді. «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналды банкнотқа қатысты келеңсіздік жиілеген соң мәселенің мәнісін білу үшін Ұлттық банктің Атырау филиалына жолықтық.

–»Күлтегін» ескерткіш банкноты заңды төлем құралы болып табылады. Оның айналыста болу мерзімі шектелмеген. Бұл банкноттар айналыстан табиғи тозу шамасына қарай алынады, — деді филиалдың қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары Арайлым Амин.

 «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған 1 мың теңге осыдан 7 жыл бұрын шықты. Халыққа 20 млн. данамен таралған банкнотта қоңыр, сары түстерге басымдылық берілген. «Қазақ Елi» монументі, «Күлтегін» мүсінінің бөлігі, жартастағы бейнелер, түркі жазба ескерткіші, еліміздің мемлекеттік рәміздері бейнеленді. Мамандардың айтуынша, банкнотты еліміздің бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға, ұсақтауға және айырбастауға міндетті. Соған қарамастан осы заңдылыққа қайшы келетін тұстар бар.

–«Күлтегін» ескерткіш банкнотын қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдарға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабында көзделген шаралар қолданылады, — деді Ұлттық банк Атырау филиалының өкілі.

Азамат БАЗАРБАЕВ

pvpvparparara

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/%d2%9bordaj-audanynda-a%d2%9bsa%d2%9baldar-ke%d2%a3esi-%d2%9b%d2%b1rylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button