Жарнама
Жаңалықтар

ЕСКІ БАЛАБАҚШАНЫҢ «ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ»

«Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, аталған балабақша әкімшілігі күрделі жөндеу жұмысына дейінгі және одан кейінгі балабақшаның ішкі және сыртқы келбетінің көріністерін салыстырмалы түрде іліп қойыпты. Бұған қарап, кезінде азып-тозған балабақшаның соншалық сәнді ғимаратқа айналғанына сенгің келмейді. Бірақ, шындық осы.

— Жертөлемізде су болғандықтан оны құрғату жұмысы жүргізілді, — дейді аталған балабақша меңгерушісі Бұлбұл Бесқұлова. — Балабақшамыздың күрделі жөндеу жұмысын жүргізген «Эра» ЖШС-не, оның басшысы Сәбит Құспановқа көптен-көп алғыс айтамыз.

Расында да, балабақша іші кісі қызығарлықтай реңмен боялып, балаларға лайық жиһаздармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толығыпты. Құптарлығы сол, алынған заттар мен жиһаздар отандық — қарағандылық фабриканың өнімі екен. Кішкентайлар тобына  жылы еденнің  төселуі бала саулығының кепілі болса керек.

— Биылдың өзінде біз білім беру саласының 14 объектісін жаңарттық. Ал, күрделі жөндеу жұмысы мектепке дейінгі мекемелердегі балғындар мен мектеп жасындағы балалардың көңіл- күйіне қатты әсер етеді. Осындай жарық та таза, сәулетті де әсем бөлмелерде дәріс алатын балалардың білуге, үйренуге деген ынтасы артатын болады. Сондықтан, біз алдағы уақытта да білім беру саласына көбірек көңіл бөлеміз. Келер жылы да жөндеу жұмысын қажет ететін балабақшаларды рет-ретімен жаңартатын боламыз, — деді шаһар басшысы Нұрлыбек Ожаев.

Жаңарып, әсем күйге енген балабақшаға ата-аналар қатты қуануда. Олардың ең ізгі тілегін жеткізген Айша Азмұханова қала әкімдігіне, балабақша басшылығына, мердігер компанияға жүрекжарды алғысын айтты.

Лиза  СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button